Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімхановқа қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Айдар Махметовтің айтуынша, тараптар арасындағы келіспеушілік тек қызметтік мәселелерге байланысты болған. Ол бұл жөнінде Серік Сәпиевпен жеке сөйлескенін Instagram парақшасында жазған.
Махметовтің сөзінше, дау кейбір қажетті құжаттардың уақытында тапсырылмауына байланысты туындаған.
"Арнайы атап өткім келеді: ешқандай физикалық қақтығыс болған жоқ. Ешкім ешкімді ұрған емес. БАҚ өкілдерінен расталмаған ақпарат пен қауесеттерді таратпауды сұраймын", – деді ол.
Сондай-ақ федерация басшысы аталған жағдайдың толықтай реттелгенін және тараптардың өзара түсіністікке келгенін мәлімдеді.