Олимпиада ойындарындағы шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров үлкен тұғырда сынға түсті

17.02.2026

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгін, 17 ақпанда отандасымыз шаңғымен үлкен тұғырдан секіру сайысында бақ сынады.

Ракпаров бұл кезеңде 88,4 ұпай жинады. Гундерсен жүйесіне сәйкес, шаңғы жарысында ол секіруден ең жоғары нәтиже көрсеткен спортшыдан 4 минут 6 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шығады.

Аралық есепте жапониялық Риота Ямамото көш бастап тұр.

Айта кетейік, шаңғы қоссайысының екінші кезеңі бүгін, Астана уақытымен сағат 17:45-те басталады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью