Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына санаулы күн қалғанда алғашқы допинг дауы тіркелді. Италиялық биатлоншы Ребекка Пасслердің допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылып, ол жарыстар басталмай жатып уақытша шеттетілді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Bild
Спортшының сынамасынан летрозол препараты анықталған. Бұл дәрі эстроген деңгейін төмендетеді және 2008 жылдан бері спортта қолдануға қатаң тыйым салынған. Медицинада летрозол кейбір ауруларды, соның ішінде сүт безі қатерлі ісігінің ерте сатысын емдеуде пайдаланылуы мүмкін. Алайда спортта ол анаболикалық заттарды қолданудың ықтимал белгісі ретінде қарастырылады.
Италиядағы ақ Олимпиада: Спортшылардың жарыс кестесі жарияланды
BILD басылымының мәліметінше, енді Ребекка Пасслер бұл заттың ағзасына қалай түскенін түсіндіруі тиіс. Тергеу аяқталғанға дейін ол жарыстардан уақытша шеттетілді, ал спортшының аты Италия биатлон федерациясының ресми сайтынан алынып тасталды. Осылайша, спортшы допинг дауына байланысты Олимпиаданы сырттай тамашалауға мәжбүр.
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Айта кетейік, 24 жастағы Ребекка – спорт әлеміне танымал әулеттің мүшесі. Ол 1988 жылы биатлоннан Италия қоржынына алғашқы олимпиадалық медальді салған Йоханн Пасслердің жиені. Сондықтан бұл оқиға халықаралық спорт қауымдастығында үлкен резонанс туғызып отыр.
Олимпиада басталмай жатып шыққан бұл дау алдағы жарыстарда допингке қарсы бақылаудың қаншалықты қатаң болатынын тағы бір мәрте аңғартты.
Еске сала кетейік, Ақпанның 6-сы күні Италияның қос қаласы – Милан және Кортина-д'Ампеццода төртжылдықтың басты бәсекесі қысқы Олимпиада ойындары басталады. Дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын ақ ойындарда ел намысын 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы қорғайды.
Соңғы жаңалықтар
Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:58
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:43
Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті
Экономика • Бүгін, 12:33
Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 12:09
FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:28
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:17
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қоғам • Бүгін, 11:07
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Әскер • Бүгін, 10:57
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қоғам • Бүгін, 10:38
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Технология • Бүгін, 10:28
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Спорт • Бүгін, 10:17