Олимпиададан медаль аламыз ба?

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Төрткүл дүние көз тігіп, төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеде ел намысын 36 спортшы қорғайды.

Олар иеленген жолдамалардың жалпы саны 100-ге жуықтайды. Айталық, ел қоржыны 2022 жылы бос қалды. 2018 жылы тек бір қоланы қанағат тұттық. Ал биыл жүлде аламыз ба? 

Еліміз 1994 жылдан бері 8 қысқы олимпиада ойындарына қатысып, бас аяғы 8 медаль жеңіп алды. Яғни қоржында 1 алтын, 3 күміс және 4 қола бар. Алайда 2002, 2006 сондай-ақ 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында жүлдесіз қалды. Ел қоржынындағы 8 жүлденің 4-і шаңғышы Владимир Смирновқа тиесілі. Ардагер спортшы биылғы байрақты бәсекеге өз болжамын айтты.

1994 Ж ЛИЛЛЕХАММЕР - 1 АЛТЫН, 2 КҮМІС,

1998 Ж НАГАНО - 2 ҚОЛА

2002 Ж СОЛТ ЛЭЙК СИТИ - 0

2006 Ж ТУРИН - 0

2010 Ж ВАНКУВЕР - 1 КҮМІС

2014 Ж СОЧИ - 1 ҚОЛА

2018 Ж ПХЁНЧХАН - 1 ҚОЛА

2022 Ж БЕЙЖІҢ - 0   

Владимир Смирнов, Лиллехаммер Олимпиадасының чемпионы:

- Медальдан үміт күтудің қажеті жоқ. Олимпиадаға барудың өзі үлкен жетістік. Біздің спортшыларымыз тау шаңғысы, биатлон, фристайл-могул мәнерлеп сырғанау сынды спорт түрлерініен лицензия алды. Мұның өзі жаман емес. Елде фристайл-могул, шорт-трек жақсы дамыған. Осы спорттардан медаль алып қалуымыз мүмкін. Қысқы спорттан Норвегия мен АҚШ көш бастап тұр. Биылғы текетірес осы екі ел арасында болмақ. Біз осы көшке ілесе алсақ, осының өзі жеңіс. 

Бір аптадан кейін Милан және Кортина қалаларында қысқы олимпиада ойындары басталады. Байрақты бәсекеде ел намысын 36 спортшы қорғайды. Олар иеленген жолдамалардың жалпы саны 100-ге жуықтайды. Бір ерекшелігі, 36 спортшының тең жартысы ерлер, тең жартысы әйелдер.  Олардың орташа жасы - 25. Ең жасы фристайл-акробатикадан сынға түсетін Асан Асылхан. Ол небәрі 16-да. Ал ең үлкені– шорт-тректен ел намысын қорғайтын Абзал Ажгалиев. Оның жасы қазір 33-те. 

10 - СПОРТТЫҚ ДИСЦИПЛИНА

36 - СПОРТШЫ

18 - ЕР

18 - ӘЙЕЛ

ҚҰРАМАНЫҢ ОРТАША ЖАСЫ - 25 ЖАС

ЕҢ ЖАС СПОРТШЫ - АСАН АСЫЛХАН, 16 ЖАС

ЖАСЫ ҮЛКЕН СПОРТШЫ - АБЗАЛ ӘЖІҒАЛИЕВ, 33 ЖАС

Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

- 36 спортшы Олимпиадаға жолдама алды. Мұның өзі халықаралық аренада салыстырмалы түрде қарасақ үлкен жетістік. 4 жылдықта лицензия алу көп спортшының қолынан келе бермейді. 36 спортшы 100 ге жуық лицезия алдық. Соның 4-5і әлем чемпионаттарында топ жарып жүрген спортшылар. Олар олимпиада бара жатыр.  

Фристайл-могул шебері Юлия Галышеваға сеніміміз мол. Спорт мамандары осылай дейді. Тәжірибелі спортшы 4 бірдей олимпиадаға қатысты. Тіпті 2018 жылы қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоровта жүлдегерлер тізіміннен көрінуі мүмкін.  Қалай болғанда да қазақстандық қыз-жігіттерге үміт зор. Спорт сарапшысы Аслан Қаженов биылғы Олимпиададан сенсация күтеміз дейді.

Аслан Қаженов, спорт сарапшысы:

- Олимпиадаға дейінгі әлем чемпионаттары, әлем кубоктары, рейтингілік жарыстардың нәтижесіне қарасақ қазақстандық спортшыларды тәуір көрсеткіші 5 кіреді. Сондықтан мен осы олимпиададан күтпеген жетістік, тарихи жетістік жас спортшылар жарып шығады дегенге үміт бар. 

Мемлекет тарапынан спортшыларымзыдың сапалы дайындығы үшін 13 миллиард 300 миллион теңге бөлінді. Тағы бір айта кетерлігі, қысқы ойындарды біздің елде үш бірдей телеарна тікелей эфирде көрсетеді. Оның бірі «Хабар» телеарнасы. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпан күні Милан төріндегі "Сан-Сиро" стадионында өтеді.

Әлішер Әли, Қанат Махмұтов

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью