Өлтіріп кетеді деп ойладым... : Азамат Сатыбалды қызметтен неге кеткенін ашық айтты (видео)

02.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Актер Азамат Сатыбалды журналист Жанар Байсемізге сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Актер "Қазақфильмнен" кету себебін түсіндірді. Айтуынша, отбасын, баласын уайымдағандықтан, басшылық қызметтен кетуге шешім қабылдаған. Ол өзіне қастандық жасағандар болғанын жасырмады.

"Барынша адал жұмыс істеуге тырыстым. Қазақфильмге баруым да, кетуім де шаршағаннан шығар. Түсіндіруден шаршап кеттім. Аптасына 7 рет жұмыс жасадым. Талантты режиссерлерді тарттым. 5 жылдық бизнес план жасадық. Олар менің адалдығыма сеніп келді ол жерге. Қазақ фильмді 5 жылда табысқа шығаратын жоспар құрдық. Бірақ аяғымнан шалғандар болды. Қазірден осындай болса, кейін не болады деп ойладым. Қазірден жаманатты қылып көрсетіп жатса мен, ертең мені атып кетіп өлтіретін шығар деп ойладым. Күйген дүние күйіп кетсін деп Шәкен ағаның басына барып, рұқсат сұрадым. Қазір мүлде өкінбеймін. Көлігіме қастандық жасағандар болды. Күнде соғыс, күнде майдан болды. Өз отбасымды, баламды уайымдадым. Ватсапқа үйімнің адресін, суретін жібергендер болды белгісіз номерден. Сол Қазақ фильм төңірегінде жүрген тобыр бар", - деді актер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью