Олжас Бектенов ел халқын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады

18.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

— Ең алдымен, барша қазақстандықтарды тарихымыздағы аса маңызды оқиға — жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын! Бұл — Қазақстанның заманауи тарихындағы ел тағдырын айқындайтын елеулі кезең. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен және қоғамның белсенді қолдауымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер Қазақстанның кез келген сын-қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді, — деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Ата заң саяси тұрақтылықты нығайтып, экономика мен қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға жол ашады. Бірлік пен әділдік, Заң мен Тәртіп сияқты негізгі құндылықтарды орнықтырып, ұлтымыздың ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайды.

— Ол еліміздің саяси өміріне халықтың толыққанды қатысуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, адам капиталының, ғылым мен мәдениеттің, цифрлық ортаның сапалы дамуына, экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік береді. Сонымен қатар құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, заң көмегін алу құқығына және дербес деректердің қорғалуына кепілдік беру негізгі заң деңгейінде бекітіліп отыр. Президент атап өткендей, жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, Егемендігіміз бен Тәуелсіздігіміздің тұғыры болады, — деді Олжас Бектенов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью