Олжас Бектенов халықаралық компанияларды Қазақстанда зерттеу хабын ашуға шақырды

27.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде Қазақстанда әлемдік TOP-500 рейтингіне кіретін өңірдегі ең ірі суперкомпьютер кластері – Alem.Cloud және Al-Farabium іске қосылған. NVIDIA компаниясымен серіктестікте тәуелсіз есептеу хабы құрылуда. Павлодар облысында қуаты 1 ГВт-қа дейінгі «ДӨО алқабы» жобасы жүзеге асырылуда, онда деректерді сақтаудан бастап есептеу қуаттарына дейін толық циклді инфрақұрылым қалыптасады.
Қазақстан объективті бәсекелік артықшылықтарға ие: қолжетімді электр энергиясы мен төмен сигнал кідірісі елімізді жоғары өнімді есептеу жүйелерін орналастыру үшін ең тартымды орындардың біріне айналдырады.
Жеке бағыт ретінде Data Embassy форматын дамытуға баса көңіл бөлінуде. Бұл – мемлекеттерге өз деректерін Қазақстан аумағында орналастырып, сонымен бірге оларға толық құқықтық егемендігін сақтауға мүмкіндік беретін сенімнің жаңа моделі.
Келесі қадам – экономиканың негізгі салаларында ЖИ-датасеттерді қалыптастыру және салалық тілдік модельдерді дамыту. Осы мақсатта мемлекет өнеркәсіптік заттар интернетін және нақты уақыттағы деректерді жинау жүйелерін дамытатын компанияларды қолдау шараларын іске қосады.


– Біздің міндетіміз – бизнеске оның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін құралдар ұсыну. Бұл экожүйенің маңызды элементі – Астанадағы Аlem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы. Ол зерттеу зертханаларын, акселераторларды және білім беру бағдарламаларын біріктіріп, технологиялық компаниялар мен индустриялық серіктестер үшін тартылыс нүктесін қалыптастырады. Біз халықаралық компанияларды мұнда өз зерттеу хабтарын ашуға шақырамыз. Қазақстан таланттарға, деректерге және индустриялық кейстерге қолжетімділікті ұсынады, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Президенттің адами капиталды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. 
AI-Sana бағдарламасы аясында қазірдің өзінде шамамен бір миллион азамат жасанды интеллект дағдыларына оқытылды. TUMO мектеп орталықтарынан бастап технологиялық кәсіпкерлерді даярлауға дейін толыққанды білім беру экожүйесі қалыптасуда. Google for Startups қоса алғанда, халықаралық серіктестермен бірлесіп акселерациялық бағдарламалар дамытылуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Қазақстанда жаңа буын мамандарын даярлайтын және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытатын ЖИ-университет құрылады.

Олжас Бектенов форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Digital Qazaqstan форумы – бұл ірі халықаралық іс-шаралар сериясының бастамасы ғана екенін атап өтті. Биыл елімізде GITEX Орталық Азия және Кавказ, AI & Digital Bridge, сондай-ақ 100-ден астам елдің қатысушыларын біріктіретін «Болашақ ойындары» өтеді. Тамыз айында жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтеді.

– Біз барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараларға қатысуға және өңіріміздің жаңа цифрлық экожүйесін қалыптастыруға атсалысуға шақырамыз. Біз бірлескен жұмысқа, жаңа идеяларға, технологияларға және ұзақ мерзімді жобаларға ашықпыз. Барлық қатысушыларға жемісті жұмыс пен мазмұнды пікірталастар тілеймін, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шымкент қаласында «Индустрия 5.0: Өзара әрекеттесудің күші» тақырыбында өткен Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумында сөз сөйледі. Форумға ЕАЭО елдерінің үкіметтері басшылары, IT-индустрия өкілдері, халықаралық компаниялардың өкілдері, инвесторлар мен сарапшыларды қоса алғанда, 3 мыңнан астам делегат қатысып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью