Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
- Қазақстан Үкіметінің алдында ел экономикасының барлық салаларын жаңғырту үшін жасанды интеллектіні толыққанды енгізу міндеті тұр. Астанада Орталық Азиядағы ең ірі екі суперкомпьютер кластері іске қосылып, Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Инвесторларға арналған «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы арнайы салық жеңілдіктері мен энергетикалық ұсыныстар арқылы іске асырылып жатыр. Қазақстан осы инфрақұрылымды бірлесіп дамытуға шақырады, - деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының аясында Киберқауіпсіздік кеңесін және CubeSat-12U серігін бірлесіп жасау жобасы іске асырылып жатқанын айтты.
- IT-білім беру, финтех, киберқауіпсіздік және электрондық қызметтер салаларында да бірлескен жұмысқа үлкен мүмкіндік бар. Қазақстан Түркиямен осы бағыттардың барлығында тығыз әріптестікке дайын, - деді Премьер-министр.
Айта кетейік, Қазақстан түрік инвесторларына бірлескен жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынуға дайын.