Олжас Бектенов құрылыс саласындағы шешімін таппаған мәселелерді атады

14.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

- Құрылыс саласында да биыл тұрақты динамиканы қамтамасыз ету қажет. Құрылыс маусымы басталды, алайда бірқатар жүйелі мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай отыр. Атап айтқанда, жалға берілетін тұрғын үйді қаржыландыру арқылы құрылыс жұмыстарын ынталандыру және жаңа құрылыс аудандарына инженерлік инфрақұрылымды уақтылы тартуда мәселелер бар. Шын мәнінде бұған әкімдіктер тарапынан жете мән берілмей келеді әрі жобаларды іске қосу бағытында да белсенді жұмыс байқалмайды, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің дерегінше, тұрғын үй құрылысына 516 млрд теңге қажет. Ал өңірлер 249 млрд теңгенің өтінімін ғана растаған. Бұл қажетті деңгейден шамамен екі есе төмен.

- Егер әкімдіктер тез арада тиісті шешім қабылдамаса, тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша артта қалу қаупі бар. Осыған байланысты Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде жергілікті бюджеттерге пайыздық мөлшерлемені өтеп, облигациялар бойынша негізгі борышты жабуға мүмкіндік беретін нақты тетіктерді әзірлеуді, сондай-ақ аталған құралдарға өңірлердің қатысуы үшін ашық жағдай жасауды тапсырамын. Нақты параметрлері мен қаржыландыру көздері айқындалған дайын шешімдер қажет, - деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Үкімет басшысы мал шаруашылығында өнімділікті ұлғайтуды тапсырғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью