Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар

13.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Азаматтық авиация саласында жолаушы тасымалының көлемі тұрақты өсіп келеді. Үкімет отырысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел әуежайлары мен әуе компанияларының көрсеткіштері және алдағы даму жоспарлары қаралды. Сондай-ақ халықаралық бағыттарды кеңейту, инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Үкімет, телеграм

Көлік саласының деректеріне сәйкес, 2025 жылы Қазақстанда 20,8 млн жолаушы әуе арқылы тасымалданған. Әуежайлар жалпы 31,8 млн адамға қызмет көрсеткен, олардың ішінде Астана әуежайы – 9,2 млн, Алматы әуежайы – 12 млн жолаушы қабылдаған.

2028 жылға дейін авиация инфрақұрылымын дамыту мақсатында 11 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде 4 жаңа әуежай салу, 2 ұшу-қону жолағын жаңарту, сондай-ақ 5 қаладағы әуежай инфрақұрылымын модернизациялау көзделген.

Биыл халықаралық маршруттық желіні кеңейту жоспарланып отыр. Нәтижесінде бағыттар саны 115-тен 135 маршрутқа, ал елдер саны 30-ға дейін артады.

Үкімет отырысында Президент тапсырмалары шеңберінде қабылданған шаралардың нәтижесінде отандық әуе компаниялар үшін авиаотын құны төмендегені айтылды. Қазіргі таңда Қазақстан әуежайларында 1 тонна авиаотынның бағасы шамамен 800 доллар, бұл көрсеткіш көрші елдермен салыстырғанда бәсекеге қабілетті.

Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан әуежайларына жаңа шетелдік әуе тасымалдаушылары келе бастады. Олардың қатарында Centrum Air (Өзбекстан), Shiraq Avia (Армения), Martinair (Нидерланд), One Air (Ұлыбритания), Atlas Air (АҚШ), MNG Airlines (Түркия) және өзге де компаниялар бар.

Жиында «KTZ Air Cargo» АҚ жүк әуе компаниясының маршруттық желісін дамыту жоспарлары да қаралды. Компанияның негізгі мақсаты – елдің көлік жүйесінің тұрақтылығын арттыру және жүк тасымалының географиясын кеңейту.

Ұшқышсыз авиация орталығы

Сонымен қатар Премьер-министр шағын авиация саласында кемшіліктер бар екенін атап өтті. Ол әуе кемелерін сатып алуды және осы бағыттағы авиакомпанияларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажеттігін айтты.

Кеңесте авиация және жалпы көлік саласын цифрландыру мәселелері де көтерілді. Қазіргі таңда Қазақстанның көлік қатынасы әлемнің 42 елімен жүзеге асырылады. Шетелдік рұқсат бланкілерінің саны 2022 жылмен салыстырғанда 3 есе артқан.

Рәсімдерді жеңілдету мақсатында рұқсат беру жүйесі толық электронды форматқа көшірілді. Сонымен қатар CarGoRuqsat жүйесі енгізілді, Қытаймен шексіз рұқсат алмасу қамтамасыз етілді, ал бланкілердің 70% цифрландырылды.

Биылғы наурыз айында Түркі мемлекеттері ұйымы елдерімен e-Permit пилоттық жобасы іске қосылды, сондай-ақ халықаралық тасымалдар үшін e-CMR жүйесі бойынша пилоттық жоба басталды. Бұл бастамалар рәсімдердің ашықтығын арттырып, уақыт пен әкімшілік шығынды қысқартуға бағытталған.

Премьер-министр халықаралық серіктестермен бірлесіп шетелдік рұқсат бланкілерін толық цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

«Президент атап өткендей, транзит – біздің еліміздің басты бәсекелестік артықшылықтарының бірі екенін әрдайым айтып келеді. Дегенмен, тапсырмалардың орындалуына сын-ескертпелер бар, толық қамту мен жеделдік жетіспейді. Мен динамиканы тікелей өзім қадағалайтын боламын. Біздің міндетіміз – жұмыстың барлық бағыттары бойынша күш жұмылдыру», деді Олжас Бектенов.

Осылайша, авиация саласын дамыту бағытындағы кешенді шаралар Қазақстанның халықаралық көлік-транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталып отыр.

Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар

Үкімет • Бүгін, 13:57

«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді

Қоғам • Бүгін, 13:31

«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 13:18

Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

Логистика • Бүгін, 13:01

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 12:51

Елімізде қар жауып, күн күрт суытады

Ауа райы • Бүгін, 12:42

Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді

Спорт • Бүгін, 12:30

«Таза Қазақстан»: Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:20

Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр

Спорт • Бүгін, 12:12

Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?

Қоғам • Бүгін, 11:53

Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады

Қоғам • Бүгін, 11:48

Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты

Спорт • Бүгін, 11:36

110 млн теңгеден астам шығын: «Boxy Wealth» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

Қоғам • Бүгін, 11:20

Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды

Әдебиет • Бүгін, 11:13

Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Бүгін, 11:03

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью