Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту хатын жолдады. Ақынның хатын төменде толық ұсынып отырмыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрнекті ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, ұлт руханиятының ірі тұлғасы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті. Біз үшін орны толмас ауыр қаза.
Мұхтар Шаханов – тек поэзия әлемінде ғана емес, ұлт тағдырына қатысты ең күрделі мәселелерде де қайсар үнін жоғалтпаған тұлға еді. Ол ел тағдыры сынға түскен кезеңдерде әрдайым алдыңғы шептен табылып, елдік мүдде жолында табанды күрес жүргізді. Әсіресе Желтоқсан оқиғасы ақиқатын ашудағы қайсарлығы мен әділет жолындағы батыл үні халық жадында мәңгі сақталады. Оның Арал қасіреті жөніндегі жанайқайы – адамзат алдындағы үлкен жауапкершіліктің көрінісі.
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
1991 жылғы 5 қазанда құрылған Қазақстанның халық конгресі партиясы – ел тағдырына бейжай қарамайтын, либералды-демократиялық бағытты ұстанған саяси күш болды. Бұл қозғалыс кездейсоқ пайда болған жоқ, ол халықтың шынайы үніне айналу үшін дүниеге келді. Сол тұста Мұхтар Шаханов екеуміздің осы партияға төрағалық етуіміз – үлкен жауапкершілік еді. Осы тұрғыдан алғанда, Шаханов – нағыз саясаткер. Оның әрбір сөзі халықтың мұңымен үндесіп, жүрегінен шыққан шынайы ой ретінде қабылданды.
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мен «Невада-Семей» қозғалысы арқылы ядролық сынақ полигонын жабуға үн көтерсем, Мұхтар Шаханов Арал трагедиясын тоқтатуға шақырып, табиғат пен адамзат тағдырының біртұтастығын дәлелдеді.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, барша қазақстандықтарға қайғырып көңіл айтамын.
Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ,
Ақын, КСРО халық жазушысы,
Қазақстанның Еңбек Ері,
мемлекет және қоғам қайраткері
Соңғы жаңалықтар
Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • Кеше
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Кеше
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Кеше
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше