Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мерейтой аясында «Ұлт игілігі – ұлттық мұра» атты кең көлемді әдеби көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Олжас Сүлейменовтің шығармашылық мұрасы, алғашқы басылымдары, сондай-ақ ақынның өмірі мен қызметіне арналған мерзімді баспасөз жарияланымдары ұсынылды.
Сонымен қатар әр жылдары жазылған туындыларды қамтыған «Книга поэм» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Жинақта автордың уақыт, қоғам, тарих және адам тағдыры туралы толғамдары көрініс тапқан.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіІс-шара соңында ақынның өмірі мен шығармашылық жолына арналған режиссер Игорь Гонопольскийдің «Людям я не лгал…» деректі фильмі көрсетілді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстандағы кітапханалар 240 мыңнан астам әдебиетпен толыққанын хабарлағанбыз.