Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамнан тұратын отбасын өлтіру ісі бойынша сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
9 шілдеде сотта тараптардың жарыссөзі басталып, прокурорлар айыпталушыны қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Еске сала кетейік, Сұлтан Сәрсемалиев өзінің қайын атасы Мақсот Қарабалинді, қайын енесі Нәсіп Өтешқалиеваны, сондай-ақ олардың ересек балалары Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевті өлтірді деп айыпталып отыр.
Сотта соңғы сөзін айтқан Сәрсемалиев кез келген жазаны, соның ішінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге дайын екенін айтты. Алайда ол бұл ауыр қылмыс "пайдакүнемдік ниетпен" жасалды деген айыптау тұжырымымен келіспейтінін айтты.
"Өз қолыммен істеген ісіме басыммен жауап беруге дайынмын. Мен тергеуден қашқан жоқпын және әділдік алдында жауапкершіліктен де қашпаймын. Өмір бойы бас бостандығынан айырылуға дайынмын. Бірақ оларды ақша үшін немесе басқа қылмысты жасыру үшін өлтірдім деп айтуға ешқашан тілім бармайды", - деді сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев.
Фото: Tengrinews.kz
Сәрсемалиевтің айтуынша, қылмыс пайдакүнемдік ниетпен емес, марқұмдармен арадағы жанжалға байланысты жасалған.
"Олардың әрқайсысы бұған итермеледі, менің ар-намысым мен қадір-қасиетімді аяққа таптады. (...) Не істегенімді өзім білемін және ол үшін өзім жауап беремін. Мұны өмір бойы өтеуге дайынмын", - деді айыпталушы соттағы соңғы сөзінде.
Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісінде тағылған айыптар толықтырылды
Еске салайық, 30 маусымда прокурорлар Сұлтан Сәрсемалиевке тағылған айыпты өзгертіп, толықтырды: тергеу оған кісі өлтіру эпизодтары бойынша жаңа саралау белгілерін, сондай-ақ туыстары қайтыс болғаннан кейін әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды заңсыз алу бойынша алаяқтық айыбын тақты. Сонымен қатар, эпизодтардың бірі алаяқтықтан мал ұрлығына қайта сараланды. Қалған айыптаулар өзгеріссіз қалды.
Сотта айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Ол Мейрамгүл Қарабалинаны, сондай-ақ жұбайының әкесі мен анасын қасақана өлтіргенін растады.
Дегенмен, сотталушы Наурыз Мұқанғалиевті өлтіру алдын ала жоспарланбағанын алға тартты. Сәрсемалиевтің айтуынша, ол жәбірленушінің өзі арандатқан жанжал кезінде өзін-өзі қорғау мақсатында оған жарақаттар салған.
Фото сот залынан: Tengrinews.kz
"Тазару үшін Меккеге бардым". Сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің қанды қылмыстан кейінгі бағыты айтылды