Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында адам өмірінде білім алу, даму маңызды екенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, адам өмірде өзін үнемі дамытып, алға қарай ұмтылмаса, жолынан адасып, өзінің кім екенін ұмытады. Сонымен қатар ол үшін өмір ағысы тоқтап қалғандай болады.
«Өсу баяу жүреді, ал құлдырап өшу – тез. “Өмір” деген сөздің синонимі – өсу. Егер сен өспесең, онда шын мәнінде өмір сүріп жатқан жоқсың. Егер бұл әлемге жаңа ештеңе әкелмесең, өмір сені шетке ысырып тастайды және өте тез. Өсу – бұл тек ақша немесе мансап емес. Өсу – сананың кеңеюі. Өсу – қорқынышты жеңу. Өсу – жүректі ашу. Өсу – өз болмысыңа жақындау. Даму тоқтаған жерде өмір де тоқтай бастайды», - деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.