Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Әнші Қарақат Әбілдина жолдасы Қыдырәлі Болмановтың ауруханаға түскенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Қыдырәлі Болманов атқа мініп, аяғын жаралап алған. Осыған байланысты көрерменге Астанадағы концерттің уақыты өзгергенін хабарлады.
"Кім ойлаған бұлай боларын? Не болды деп алаңдап, хабарласып жатқан тілеулестерім, рақмет! Білесіздер, 20 мамыр күні яғни бір күннен кейін Астанада концертіміз. Соның шаруаларымен шақыру бар, басқа да сұрақтармен кеше үйде отырғанбыз. Аяқ асты Қыдекең өзін жайсыз сезініп, тынысы тарылғандай болып, қатты мазасы қашты. Бұрын олай ауырғанын көрмеп-ем, қорқып кеттім. Дәрігерге жедел келдік. Мамандардың көмегімен шүкір бүгін жағдайы тұрақталып, беті бері қарады. Алайда Қыдырға кем дегенде әлі 15 күн ем қабылдау керектігін, сахнаға шығуға болмайтынын түсіндірді… Тура осы тұста, “Мәссаған”, “Концерт ше?” деп, не ойлап, не қоярымды білмей отырған күйі әлі отырмын!… Құрметті ән сүйер қауым! Сәуірден басталған ән сапар бізге оңай болған жоқ! 12 000 км жол жүріппіз. Халықтың ыстық қошеметі мен ықыласы өзі көтеріп алып отырғанға тарта беріппіз. Енді бастаған істің нүктесін қояйын десек, "Соңғы түйенің жүгі ауыр" болып қырсығып қалғаны. Қыдекеме көз тиді ме, сөз тиді ме? Әйтеуір айналдырып кетті... Қайыры. Сол себепті 18 мамырға жоспарланған концертімізді 18 маусымға ауыстыру жөнінде шұғыл шешім қабылдап отырмыз. Түсіністік танытасыздар деген сенімдеміз", - деп жазды өнер иесі.
Сонымен қатар Қарақат Әбілдина жолдасын туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Астанадағы концертімізге бір күн қалғанда болған жағдай бізге көп нәрсені ұқтырды… Кейде адам жоспарлайды, ал тағдыр бәрін өз уақытында өзгертеді екен… Сол сәтте ең маңыздысы — атақ та, сахна да емес, деннің саулығы, бастың амандығы екенін түсінесің. Сахна күтер… Ән де айтылар… Концерт те болар. Бүгінгі туған күніңізде, өмірдің бар сынағы осымен кетсін деп тілеймін! Жалғасады біздің фильм..», - деді Қарақат Әбілдина.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа денсаулық, сәттілік тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.