Өмірімдегі ең маңызды кезеңнің бірі : әнші Ерке Есмахан жан сырын ақтарды

16.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әнші Ерке Есмахан алты ай бойы жаңа жобаның жұмысымен айналысқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол бұл туралы көпшілікке жарияламай, нәтижесін күткен. Алайда әзірге нақта қандай жоба екенін ашып айтпады.

“Алты айға созылған үлкен еңбектің нәтижесі жарыққа шығатын күн де жақындады. Осы уақыт бойы бұл жұмыс туралы ешкімге айтпай, білдірмей, сездірмей еңбек еттім. Жұмыс аяқталған күнді естелікте сақтау үшін екі кішкентай ұлдарыммен бірге суретке түстім. Бұл – менің өмірімдегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Көңілімде қуанышпен қатар сәл қобалжу да бар”, – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью