Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Актер, продюсер Рамазан Амантай журналист Жанар Байсемізге сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол сұхбат барысында ішімдікке әуес болғанын мойындады.
"Өткенге тастап кеткім келетін нәрселердің бірі – ішімдік. Ішімдікті жиі ішетінмін, жақында ғана денсаулығым үшін тастадым. Бірақ сосын қызық болмай кетті, ішімдіксіз өмірімнің мәні, бояуы кетіп қалды. Бұрын батылдық үшін ішетінмін. Ішімдік ішкеннен кейін бата алмай жүрген адамға ішімдегінің бәрін айтып тастайтынмын. Өзімді баһәдүр сезінетінмін. Ондай тәуелді алқаш емеспін", - дейді ол.
Желі қолданушылары актердің денсаулығына алаңдап, шынайылығы үшін алғыс білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.