Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Танымал әртіс, көптеген тележобаларда көрермен көзайымына айналып үлгерген Әбілмансұр Серіков үйленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қуанышты жаңалықты әртістің жары Гүлия Ұзақбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол Ә. Серіковпен бірге неке қиған сәттен түскен суретін жариялаған.
«Өмірімнің жаңа парағы», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілегін жаудырып, бақытты өмір тіледі.