Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы балабақшадан шу шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші мен күтуші үш жасар балаларға күш қолданған. Бұл жағдайды растайтын бейнежазбалар да тараған.
Оқиға "Болашақ" бөбекжай-бақшасында болған "Баламызды ұрды" деген уәжбен 12 ата-ана шағым түсірген.
20 сәуір күні ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне алаңдап, тиісті органдарға арыз жазған. Осыған байланысты балабақша әкімшілігі мен құзырлы органдар тексеру жұмыстарын бастаған.
"Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін екі қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді", -деп хабарлады Шалқар аудандық білім бөлімі.