Он сегіз мың бала асық ойынын дәріптеді

18.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Астанада Ұлттық спорт күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған ауқымды мәдени-спорттық іс-шара өтті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Алтын сақа» флешмобы ұйымдастырылды.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Цифрландыру жылы аясында жасанды интеллект элемент­терін қолдану арқылы жүзеге асырылған  іс-шараны Айдар есімді жасанды интеллект жүргізді. Жекпе-жек сарайының алаңында өткен мәдени-спорт­тық бағдарламаға бір мезетте 3000 бала қатысып, сақа иіріп, асық ойнады.  Қатысушылар алдымен арнайы қойылым арқылы сап түзеп, асықтың «Алшы» пішіні мен «Алтын сақа» сөзін бейнеледі. Музыкалық сүйемелдеумен балалар түрлі би элементтерін орындап, флэшмобтың көркемдік мазмұнын аша түсті.

Флэшмобтан   кейін жасанды интеллект барлық білім ұйымдары – балабақшалар мен мектептерде  асық ойынын ресми ашық деп жариялады. Осы сәтте жасанды интеллектінің белгісімен елор­даның  мектептері мен балабақшаларында бір мезет­те 15 000-нан астам бала асық ойынын бастады.

Осылайша, іс-шара аясында жалпы саны 18 000-нан астам бала ұлттық асық ойынына қатысты. Игі іс-шараның негізгі мақсаты – асық ойынын насихаттау, тәрбиелік мәнін түсіндіріп, жас ұрпақтың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Соңғы жаңалықтар

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген қызметкер ауруханада қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 00:50

Дональд Трамп: Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес

Әлем • Бүгін, 00:37

Астана – Щучинск тасжолындағы жабық дәретхана үшін филиал директоры қызметінен босатылды

Оқиға • Бүгін, 00:23

Атырау облысындағы отбасы өлімі: Күдіктіге тағы бір айып тағылды

Оқиға • Кеше

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты

Оқиға • Кеше

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Спорт • Кеше

Щучинсктегі жарылыс: Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Оқиға • Кеше

Жаңа Конституция – жаңару мен тұрақтылыққа қоғамдық таңдау

Ата заң • Кеше

Қазақстандағы конституциялық реформалар: Елдің саяси жүйесін жаңғырту және халықаралық байланыстардағы рөлі

Ата заң • Кеше

Амина Қосбаева: Референдум азаматтардың саяси белсенділігін көрсетті

Референдум • Кеше

Солтүстік Қазақстанда жұмысшы тоқ соғып қаза тапты

Оқиға • Кеше

Сарапшы: Жаңа Конституцияны қолдау – қоғамның жаңғыруға дайын екенін көрсетеді

Ата заң • Кеше

2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы

Референдум • Кеше

Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Кеше

Америкалық сарапшы: Қазақстандағы Конституциялық комиссия реформаның инклюзивтілігін қамтамасыз етті

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью