Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ақтауда ағайынды Виктор және Виктория Шешеневтердің оқиғасы бүгінде жырға айналған. Жылдар бойы баспанаға қолжеткізе алмай жүргендер баспаналы болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Өйткені бұған дейін жергілікті басылымдар олардың үйсіз жүргенін, он жылдан бері үй кезегінің жылжымай тұрғанын, тіпті тізімдегі өз орындарын қадағалай алмағанын қозғаған болатын. Кейін оған тиісті ұйымдар «кезек әлі келген жоқ» деп мәлімдеген еді.
Қазір жағдай өзгерді. Lada.kz-тің тілшісіне, Виктория баспаналы болғанын хабарлаған.
Айтуынша, 37-шағынауданда бір бөлмелі пәтер алған. Енді ағасы да баспаналы болады деп сеніп отыр.
– Сіздерге алғысыз шексіз, бұл мәселені көтермегенде халықтың назарына түспес еді. Нәтижесінде, мәселе шешімін тауып, орнынан қозғалды, – дейді Виктория.