Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Алматы облысындағы Ақши ауылында су мәселесі тұрғындарды әбден әбігерге салған. Бір-екі жыл емес, кемінде бес жылдан бері суға жарымай отырған ақшиліктердің базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдап қайтты.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
Ақши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ақшиде су күніне екі рет: таңертең және кешке екі сағаттан беріледі. Үлгергендер алады, үлгермегендер сусыз қалады, дейді тұрғындар.
"Ақшиде өмірі су жоқ. Құбыр не жасалып, не жамалып бітпеді. Таңертең су беріледі дегенмен, ол уақытында берілмейді. Келген суды сорғысы бар үйлер алып қояды, кейбір үйлерге су жетпейді. Өзім 2019 жылы көшіп келдім, содан бері осы проблема", – дейді Жақсыгүл есімді Ақши ауылының тұрғыны.
Ауылға күн сайын су таситын көліктер қатынайды. Алайда суға тапсырыс беріп үлгергендер алады, ал егде жастағы тұрғындар кейде сусыз қалады.
"Қыста да жарылады, жазда да жарылады. Бау-бақша да екпейміз. Жалпы, бұл проблеманың болғанына он жылдай болды", – дейді ақшиліктер.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
Ақши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ауыл әкімі де су мәселесінің күрделі екенін мойындады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта су құбырларын жөндеуге арналған құны 68 млн теңге болатын жобалық-сметалық құжаттама дайын.
"Су Ақшиға 72 шақырым жердегі Қараой ауылынан келеді. Ол құбыр 1972 жылы салынған, елу жылдан асты. Қазір су жетіспейді. Қыста күніне 300 текше метр, жазда 800 текше метр су жетпей жатыр", – дейді Күрті ауылдық округінің әкімі Ғабит Рахымбай.
Қараойдан тәулігіне 1500 текше метр су шығады, алайда Ақшиға соның 800 текше метрі ғана жетеді.
"Күніне үш уақыт су берейік деп едік, бірақ жеткізе алмадық. Бұған дейін бұл су құбыры Су министрлігінің балансында болған, қазір екі ай болды, облыс әкімдігінің балансына өтті. Бұған дейін қаражат болмады. Келесі жылы "Құрылыс жылы" аясында осы Ақшидің су мәселесі шешіледі", – дейді әкім.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
1/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ақши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
2/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ақши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
3/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ақши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
4/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ақши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
1/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ақши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
2/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ақши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
3/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ақши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
4/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ақши ауылында су мәселесі халықты әбден мезі еткен
Аудан орталығы болған елді мекен 1997 жылы жабылған. Одан кейін Ақши бірнеше жыл сусыз қалып, тұрғындар ұзақ уақыт құдық суын пайдаланған.
"Содан кейін құбырды жалғап, жамап жүріп, су жүйесін қайта іске қостық. Соңғы төрт-бес жылда құбыр жиі жарыла бастады. Баяғыда, 1972 жылы геологтар жерасты суын зерттеп, оның ішуге жарамсыз екенін анықтаған. Сол себепті 70 шақырым жердегі Қараойдан құбыр тартуға тура келген", – дейді Күрті ауылдық округінің әкімі.
Ақшидегі су құбырын толық қалпына келтіру үшін 7 млрд 400 млн теңге қажет.
Еске сала кетейік, былтыр дәл қыс мезгілінде ауыл тұрғындары бір айға жуық уақыт мүлдем сусыз қалған. Бұған ашынған ақшиліктер наразылық білдірген.