Өңдеу өнеркәсі оң динамика көрсетті

14.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: Үкімет, телеграм

Министр бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 9,8%-ға өсіп, оң динамика көрсетіп отырғанын атап өтті.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет экономика салаларындағы әлеуетті тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр 

Өндірістік көрсеткіштер машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, резеңке және пластмасса бұйымдары, жеңіл өнеркәсіпте және өңдеу өнеркәсібінің басқа да салаларында өсті.

«Аталған өсім жаңа іске қосылған өндірістер есебінен мүмкін болып отыр. Бүгінде жалпы құны 252 млрд теңге болатын 74 жоба пайдалануға беріліп, 4,3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін жалпы құны 1,7 трлн теңгені құрайтын 200 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр», деді министр. 

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгені құрағаны туралы баяндаған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью