Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Биыл өңдеу өнеркәсібіндегі өсім алты пайызға жетуі мүмкін. Бұл туралы вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында белгілі болды.
Оның ішінде машина жасау саласындағы өсім 12 пайызға жетеді деген болжам бар. Сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде – 9, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісінде – 6, жеңіл өнеркәсіпте бес пайыз өсім күтілуде. Металлургия саласында даму қарқыны сақталады. Үкімет өңдеу өнеркәсібін өркендету үшін арнайы жол картасын әзірлемек. Онда өңірлердің ресурстық және инфрақұрылымдық әлеуеті барынша ескеріледі.