Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Жеті жыл ішінде елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 11,5 трлн теңгеден 30,6 трлн теңгеге дейін өсіп, 2,5 есеге ұлғайды. Саланың ішкі жалпы өнімдегі үлесі 11,4 пайыздан 12,7 пайызға дейін артты. Өндіріс орындарының кеңеюі, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы мен инвестиция көлемінің ұлғаюы – экономиканың серпінді өзгерістеріне жол ашты.
Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»
Өткен жылдың қорытындысында өңдеу өнеркәсібінің өсімі 6,4 пайызды құрады. Негізгі өсім металлургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдарын шығару, резеңке мен пластмасса бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп салаларында байқалды. Салаға салынған инвестициялар көлемі 30,1 пайызға артты. Индустриялық инфрақұрылымды дамыту аясында елде 17 арнайы экономикалық, 66 индустриялық және 34 шағын өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді.
Арнайы экономикалық аймақтарда 555 жоба іске асқан, тағы 453 жоба жүзеге асыру сатысында. Бұл алаңдарға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1 047,2 млрд теңгеге жуық. Былтыр инвестициялық келісімдер тетігі арқылы жалпы құны 4,8 трлн теңгенің 12 келісімі жасалды. Сондай-ақ 2,7 трлн теңгеден асатын 1 993 ұзақмерзімді жеткізу келісімі мен офтейк-келісімшарт рәсімделді. Нәтижесінде, құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жоба іске қосылып, 22,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, өндіріс көлемінің ұлғаюына жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы мен құрылыс саласының дамуы да әсер етіп отыр. Былтыр елде 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – жоспарланған 19,2 млн шаршы метрден жоғары көрсеткіш. «Болжамға сәйкес биыл 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі қажет. Тұрғын үй құрылысын ынталандыру шаралары күшейсе, көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін», деді министр.
Салада жаңа өндірістер де іске қосылып жатыр. Мәселен, Қостанайда автокөлік шығаратын кәсіпорындар іске қосылып, Алматыда мультибрендтік автомобиль зауыты ашылды. Астанада жолаушылар вагондарын шығаратын өндіріс, Атырауда жүк вагондарын құрастыратын зауыт пайдалануға берілді. Мұндай жобалар машина жасау саласындағы локализация деңгейін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Өңдеу өнеркәсібінің өсімі жеңіл өнеркәсіп саласынан да көрінеді. Үкіметте өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында бұл бағыттағы тұрақты даму мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, былтыр жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,2 пайызға өсіп, 260 млрд теңгеге жетті. Сала құрылымында тоқыма өндірісі басым үлеске ие.
Өндірісті қолдауда мемлекеттік тетіктер де маңызды рөл атқарып отыр. Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік сатып алу жүйесінде жүргізілген реформалар өзіміздің өндірушілерге жаңа мүмкіндік бергенін айтады. Оның сөзінше, қабылданған іс-шаралар нәтижесінде отандық өндірушілерден тауар сатып алу көлемі 1,5 есеге ұлғайған. Нәтижесінде, бюджет қаражаты тиімді пайдаланылып, 824 млрд теңге үнемделген.
Өнеркәсіп саласында цифрландыру үдерісі де жанданып келеді. Сала министрлігінің қолдауымен «QazIndustry» орталығы кәсіпорындарға өндірісті цифрлық трансформациялау бағытында көмек көрсетіп отыр. Орталық мамандарының мәліметінше, былтыр кәсіпорындарға цифрландыру бойынша 23 ұсыным әзірленіп, бірқатар қанатқақты жоба іске қосылған. Нәтижесінде, цифрлық жүйелерді қолданатын кәсіпорындар үлесі 19 пайызға артқан.
Өңдеу өнеркәсібін дамытуда индустриялық аймақтардың да рөлі артып келеді. Мәселен, Ақмола облысындағы индустриялық аймақта ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техника шығаратын кәсіпорын былтыр 65 млрд теңгеге 4 мыңнан астам техника өндірген.
Ресми мәліметке сүйенсек, кейінгі жылдары экономиканың құрылымы елеулі өзгеріске ұшыраған. Айталық, бұрын өсім көбіне сыртқы шикізаттық конъюнктураға тәуелді болып келсе, енді бұл сала өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда мен көлік салаларының дамуы есебінен өскен. Жеті жылда елдің номиналды ішкі жалпы өнімі 181,7 млрд доллардан 305,9 млрд долларға дейін өсіп, жан басына шаққандағы ІЖӨ 9,8 мың доллардан 15 мың долларға жетті. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі осы кезеңде 11,5 трлн теңгеден 30,63 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Саладағы ондаған жаңа кәсіпорын мен мыңдаған жұмыс орны индустриялық дамудың нақты нәтижесін көрсетеді. Мұндай үрдіс экономиканы әртараптандыруға әрі қосылған құны жоғары өнім өндірісін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Өңдеу өнеркәсібінің дамуына инвестициялық саясат та ықпал етті. Кейінгі жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі айтарлықтай ұлғайып, қаржының басым бөлігі өңдеуші секторға, инфрақұрылым мен энергетикаға бағытталды. Бұл жаңа өндірістердің іске қосылуына әрі кәсіпорындардың технологиялық жаңғыруына ықпал етті.
Саланың дамуына мемлекеттік даму институттарының қолдауы да әсер етті. «Бәйтерек» холдингі арқылы өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру көлемі бірнеше есе өсіп, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенінде ондаған жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл жобалар өндірістік кооперацияны күшейтіп, ішкі нарықтағы отандық өнім үлесінің артуына ықпал етіп келеді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім сыртқы сауда көрсеткіштерінен де байқалады. Кейінгі жылдары өңделген өнім экспорты кеңейіп, металл бұйымдары, машина жасау өнімдері, химия мен азық-түлік тауарлары шетел нарығына көбірек шығарыла бастады. Бұл кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экономиканың шикізаттық емес секторын нығайтуға жол ашады.
«Өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға жаңа цифрлық құралдар үлкен мүмкіндік беріп отыр. Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі іске қосқан «Экспорттаушылар витринасы» халықаралық платформасы арқылы шетелдік сатып алушылар «Made in Kazakhstan» белгісі бар өнімдердің кеңейтілген каталогімен танысып, отандық өндірушілермен тікелей байланыс орната алады. Бұл бастама отандық кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндігін кеңейтіп, өңделген өнімнің әлемдік нарықтағы үлесін арттыруға жол ашты», дейді Агенттіктің басқарма төрағасының орынбасары Мәдина Ержанова.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
Мектеп • Кеше
Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан
Оқиға • Кеше
Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды
Қоғам • Кеше
«Крокус сити холлдағы» теракт: 15 күдікті өмір бойына сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында атыс кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Асель Баденова: Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз
Ата заң • Кеше
«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді
Қоғам • Кеше
FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады
Футбол • Кеше
Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді
Ата заң • Кеше
Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады
Ата заң • Кеше
Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды
Қоғам • Кеше
Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз
Медицина • Кеше
12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?
Қоғам • Кеше
15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады
Референдум • Кеше