Өндіріс өссе өңір өркендейді: Respublica Шығыс Қазақстандағы ірі компаниялар тобының ұжымымен кездесті

27.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Respublica партиясының командасы Шығыс Қазақстан облысындағы AN Group компаниялар тобының ұжымымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған көпсалалы компания бүгінде құрылыс пен өндірісті тоғыстырған тұтас экожүйе қалыптастырған.

Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров пен кандидаттар сайлауалды бағдарламаның басымдықтарын таныстырып, қол жеткен нақты нәтижелерді баяндады.

Еңбек ұжымы салық жүктемесі, уақыт белдеуі, білікті кадр тапшылығы, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және заңнамалық өзгерістер туралы сұрақтар қойды.

Әрбір сауалға толық жауап берілді. AN Group басшысы Қайнар Дүйсенов нақты сектор мәселелерін кабинетте емес, еңбек адамдарымен тікелей талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью