Өндіріс қалдықтары кәдеге жарайды

28.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Павлодарлық ғалымдар өндіріс қалдықтарынан құрылыс материалдарын алу жолын іздестіріп жатыр. Кәсіпорындарда жиналған күл мен қалдықты бетон, асфальт және кірпіш жасауға шикізат ретінде қолдануға болады. «Бұл экологияны қорғауға септігін тигізіп қана қоймай, құрылыс өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді», – дейді олар. Мұндай жоба дамыған елдерде сәтті жүзеге асып жатыр. Ал павлодарлық ғалымдар оны өңірдің климаты мен жергілікті шикізат ерекшеліктеріне бейімдемек. 

Мәдениет Елубай, химия ғылымдарының кандидаты:

- Біз шығаратын  кәдімгі кірпіштер, кеспе тастар  жер қойнауынан алынатын материалдардан жасалады. Сондықтан олар қымбат. Ал қалдықтар қазір тез жиналып, қоймаларда сақталып жатыр. Яғни олардың құны жоқ. Соларды қосу арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, осы қалдықтарды кәдеге жаратамыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью