One Health Research зерттеу орталығы: Биологиялық қауіпсіздік, микробиологиядағы зерттеулер іске асады

28.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Халықаралық ғылыми орталықтың қызметі «Біртұтас денсаулық» (One Health) тұжырымдамасы аясындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, микробиология, ветеринариялық медицина және қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.

Іс-шараға Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Қытай ғылым академиясының академигі Гао Фу, Чжэцзян университетінің вице-президенті, профессор Ли Сяомин, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың жетекші ғылыми ұйымдарының басшылары, ғалымдары және сарапшылары қатысты.

Іс-шара аясында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, Қытай ғылым академиясының Микробиология институты, Чжэцзян университеті және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойды.

Қазақ-қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, ғылым саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар негізінде іске асып келеді. Осы ретте «Бір белдеу, бір жол» жобасы туралы да айтып өту қажет. Бүгінде әлемнің көптеген университеттері, зерттеу орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан ҰҒА Қытай елінің де жетекші оқу орындары, зерттеу орталықтарымен білім, ғылым, кадр алмасу мақсатында ілкімді жобаларды іске асырып келеді.

One Health зерттеу орталығының ашылуына қатысқан Қытай ғылым академиясының академигі Гао Фау бұл орталықтың мақсаты адамда, жануарларда, қоршаған ортада кездесетін ауруларға қарсы қазақ ғалымдарымен бірлесіп зерттеулер жүргізу. Қытай академигі вирусология саласына маманданған жұқпалы аурулардың, кейінгі жылдары әсіресе вирусология саласында ауқымды зерттеулер жүргізіп келеді. Негізгі мәселе ауылшаруашылығына бағытталған ауыл-аймақтардағы ауру себептерін анықтау, оның емдеу жолдарын қарастыру. Мұнымен қоса екі ел ғалымдары аллергияны емдеу, алдын алу жолдарын бірлесіп зерттейтін болады.

Меморандум бірлескен ғылыми зерттеулер мен халықаралық жобаларды іске асыруға, ғалымдардың, профессор-оқытушылар құрамының және білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік, микробиология және «Біртұтас денсаулық» (One Health) тұжырымдамасын ілгерілету бағытындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге негіз қалайды.

Аспандағы аурухана: Қазақстанда алғаш рет C909 ұшатын госпиталі таныстырылды

Ғалымдар атап өткендей, орталық озық ғылыми зерттеулер жүргізуге,  бірлескен ғылыми жобаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ «Біртұтас денсаулық» (One Health) жаһандық тұжырымдамасы аясында микробиология, жұқпалы аурулар, микробқа қарсы препараттарға төзімділік, азық-түлік және биологиялық қауіпсіздік салаларындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға арналған халықаралық ғылыми платформаға айналады деген сенімде.

АЛМАТЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью