Өнер әлемі қара жамылды: Қазаққа танымал кино актері 75 жасында көз жұмды (ФОТО)

29.01.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Анатолий Креженчуков 75 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаралы хабарды марқұм ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының баспасөз қызметі таратты. Театр ұжымы актердің біраз уақыт ауыр дертпен күрескенін айтып, оны талапшыл, принципшіл әрі ұжымның рухын қалыптастырған тұлға ретінде еске алды. Әріптестері мен көрермендер әлеуметтік желіде көңіл айтып, оның өнер жолындағы еңбегіне алғыс білдіруде.

Анатолий Креженчуков 1950 жылдың 4 наурызында Алматы қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтын тәмамдап, сол жылы Лермонтов театрының труппасына қабылданды. Театр сахнасында ол 100-ден астам рөл сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Оның есте қалған бейнелерінің қатарында «Ревизордағы» Городничий, «Вишнёвый садтағы» Пыщик, «Варварлардағы» доктор Макаров бар.

Актер кино және телевизия саласында да табысты еңбек етті. Көпшілікке ол «Перекрёсток» телесериалындағы дәрігер Платонов рөлі арқылы кеңінен танылды. Сонымен қатар «Возвращение сына», «Граница», «Ликвидатор», «Махамбет» фильмдеріне түсті.

Анатолий Креженчуков қазақ өнерінің тарихында өзіндік қолтаңбасы бар, көрермен құрметіне ие болған актер ретінде есте қалды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью