Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
— Құрылыс саласында жасанды интеллект жобалаудан бастап, құрылыс барысын бақылауға дейінгі барлық кезеңде енгізілмек. Жоспарлау және құрылыс кезеңінде цифрлық бас жоспарлар мен нақты жоспарлау жобаларының орындалуын бақылау үшін machine vision технологиясы мен жасанды интеллектіні біріктірген пилоттық жоба іске қосылды. Жүйе нысандардың нақты жағдайын бекітілген жобалық құжаттамамен салыстырады. Бұл жобаның сәйкестігін анықтау уақытын 3 күннен 4 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Қазақтелекоммен» бірлесіп, қалалардың digital twins моделін жасау үшін дрон қолдану жұмыстары жүргізілуде, — деді Ерсайын Нағаспаев.
Оның айтуынша, жобалау және мемлекеттік сараптама кезеңінде BIM жобаларын тексеру үшін жасанды интеллектті енгізу жоспарланған. Осы мақсатта құрылыс нормалары машина оқи алатын форматқа көшіріліп жатыр. Бұл жобаларды алдын ала тексеруге мүмкіндік беріп, сараптама мерзімін қысқартуға жағдай жасайды.
— Сондай-ақ, бұл әр өңірдің ерекшелігі мен сейсмикалық жағдайын ескере отырып, типтік жобаларды қарау уақытындағы айырмашылықты жояды. Яғни еліміз бойынша мемлекеттік сараптаманың бірыңғай әрі ашық болуын қамтамасыз етеді. Қосымша BIM жүйесін жобалаудың міндетті стандарты ретінде енгізу жоспарланған. Бірінші кезеңде өнеркәсіптік объектілер құрылысынан бастаймыз. Құрылыс кезеңінде нысандарды цифрлық мониторингілеу қолданылады. Мысалы, «Қазақстан тұрғын үй компаниясында» machine vision технологиясын қолданатын видеомониторинг жүйесі енгізілген. Ол техника қозғалысын, жұмыс күшін пайдалануын және құрылыс барысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, құрылысқа толық әрі үздіксіз бақылау қамтамасыз етіледі, — деді министр.
Айта кетейік, Үкімет отырысында экономика салаларына жасанды интеллект элементтерін енгізу жайы талқыланып жатыр.