Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Павлодар облысындағы ірі өнеркәсіп орындарының бірі – Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының еңбек ұжымымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Әділет» партиясының өкілдері Павлодар облысындағы ірі өнеркәсіп орындарының бірі – Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыптары партияның сайлауалды бағдарламасы, өнеркәсіпті дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және Қазақстан тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру болды.
Ашық диалог барысында қатысушыларға «Әділет» партиясының негізгі бағдарламалық бағыттары таныстырылды. Бағдарлама әділеттілік, цифрлық даму, отандық өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әл-ауқатын арттыру қағидаттарына негізделген. Сонымен қатар экономиканы жаңғыртуға, өңірлерді дамытуға және мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға бағытталған бастамаларға ерекше назар аударылды.
Партия өкілдері «Әділеттің» елдің болашағына қатысты нақты көзқарасы, бәсекеге қабілетті шешімдері және Қазақстан Республикасының дамуы үшін жауапкершілік алуға дайын пікірлес адамдардан құралған командасы бар екенін атап өтті.
Кездесу аясында делегация Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының өндірістік қызметімен де танысты. Қатысушылар кәсіпорынның өндірістік нысандарын аралап, заманауи технологиялық шешімдердің қолданылуына, еңбек үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына және комбинаттың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесіне назар аударды. Мұндай кәсіпорындар халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттырып, озық технологияларды енгізу арқылы ұлттық экономиканың маңызды тірегіне айналып отыр.
Кездесу соңында партия өкілдері кәсіпорын қызметкерлеріне күнделікті еңбегі үшін алғыс айтып, азаматтарды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
«23 тамызда әрбір дауыс маңызды. Баршаңызды сайлау учаскелеріне келіп, саналы таңдау жасауға және азаматтық борыштарыңызды орындауға шақырамыз. Біз еліміздің болашағын бірге айқындаймыз».
Семейдің жетекші жоғары оқу орындарының бірінде «Әділет» партиясы ашық диалог өткізді.
Сапалы білім, қолжетімді жоғары оқу орны, жас мамандарды қолдау және әлеуметтік әділет – осы өзекті мәселелер Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University-де өткен «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының кездесуінде кеңінен айтылды. Ашық диалог барысында қатысушыларды толғандырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), инклюзивті білім беру және жастардың болашағына қатысты сауалдарға жауап берілді.
«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабы «Alikhan Bokeikhan University» профессорлық-оқытушылық құрамымен, қызметкерлерімен және докторанттарымен кездесу өткізді. Жиынға партияның Құрылтай кандидаттары Съезбек Ахметов, Ирина Соловьева және Эльзира Солтабаева қатысты.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы білім сапасын арттыру, ғылым мен жоғары білімнің сабақтастығын нығайту, жас мамандарды қолдау, еңбек нарығына қажетті білікті кадрлар даярлау және жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту бағыттары таныстырылды.
Съезбек Ахметов партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктеріне тоқталды. Ирина Соловьева сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтары мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды таныстырды. Ал Эльзира Солтабаева партия бағдарламасындағы білім беру саласын дамыту, педагогтердің мәртебесін көтеру, жоғары оқу орындарының әлеуетін нығайту және жастарға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған бастамаларды баяндады.
Кездесу соңында қатысушылар «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасына қолдау білдірді.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Мұса Хайруллиев Құрманғазы ауданына жұмыс сапары Сүйіндік ауылында жалғасты. «Әділет» партиясы Атырау облыстық сайлауалды штабының мүшелерімен бірге өткен кездесуде ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен даму перспективалары талқыланды.
Сүйіндік – аудан орталығы – Құрманғазы аулынан солтүстік-батысқа қарай 340 шақырым жерде орналасқан. Бұл өңір – Құрманғазы ауданындағы тарихы терең, еңбекқор халқымен ерекшеленетін елдімекендердің бірі. Мұнда ауыл тұрғындарымен өткен кездесу еркін пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, халықты толғандырған өзекті мәселелер кеңінен сөз болды.
Кездесуде «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірлердің тұрақты дамуы, ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, жастарды қолдау және әлеуметтік саланы жетілдіруге бағытталған бастамалар түсіндірілді.
Тұрғындар ауылішілік жолдардың жай-күйі, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жастарды жұмыспен қамту және ауылдың болашағына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Көтерілген мәселелердің барлығы партия өкілдері тарапынан мұқият тыңдалып, алдағы жұмыс барысында ескерілетіні айтылды.
– Ауылдың мәселесін ауыл тұрғындарының өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан біз үшін ең маңыздысы – халықтың үнін тыңдап, көтерілген әрбір мәселені нақты шешімге айналдыру. Өңірлердің тұрақты дамуы тұрғындардың ұсынысы мен белсенділігіне тікелей байланысты. Әрбір кездесу – халық сенімін нығайтатын және ортақ мақсатқа бастайтын маңызды диалог алаңы, - деді Мұса Қарашаұлы.
Кездесде тұрғындар да партия өкілдерінің ауылға арнайы келіп, елдің пікірін тыңдап, ашық диалог ұйымдастыруына оң бағасын білдірді. Олар мұндай жүздесулер жергілікті мәселелерді ашық көтеруге және оларды шешу жолдарын бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Әділет» партиясы халықпен тікелей кездесулерді сайлауалды науқанның маңызды бағыты ретінде қарастырады. Себебі азаматтардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері партияның алдағы жұмысына негіз болып, өңірлердің тұрақты дамуына бағытталған нақты шешімдердің қабылдануына ықпал етеді.