Өңір медицинасының өркенді өрісі

25.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Елімізде денсаулық сақ­тау саласын дамыту тура­лы сөз болғанда, әңгіме әдетте респуб­ликалық орталықтар мен мегаполистер төңірегінде өрбиді. Ал өңірлерде жоғары технологиялы медициналық көмектің қолжетімділігі әлі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Әсіресе офтальмология мен оториноларингология сияқты дәлдікті, тәжірибені, заманауи жабдықты қажет ете­тін салаларда бұл мәселенің өзектілігі анық байқалады.

Маңғыстау облысында өт­кен өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг осы түйткілдің оң шешімін тауып келе жатқанын нақты дәлелдеді. «Көз және ЛОР ауруларын емдеудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналған басқосуда өңірдегі медицинаның бүгінгі жағдайы ғана емес, алдағы даму бағыты, халықаралық тәжі­­ри­бені енгізу, халыққа көрсе­тілетін қызмет сапасын артты­руға қатысты маңызды мәселелер талқыға түсті.

Кейінгі жылдары отандастарымыздың сапалы медициналық көмек іздеп шетелге шығуы қалыпты құбылысқа айналған еді. Мұн­дай шешімнің артында қаржылық шығын ғана емес, уақыт жоғал­ту, жол азабы, әлеуметтік қиындықтар тұр. Сондықтан халық­аралық деңгейдегі медициналық технология­ларды елі­міз­дің өңірлеріне әкелу – стратегиялық маңызы бар міндет. Бүгін­де Маңғыстауда дәл осындай бағыттағы жұмыстар нақты нәти­же бере бастады.

Брифинг барысында өңірде күрделі офтальмологиялық, ЛОР операциялары тұрақты түрде жасалып жатқаны аталып өтті. Бұрын басқа қалаларға немесе шетелге жолданатын көптеген пациент енді қажетті көмекті өз өңірінде ала алады.

Бұл өзгерістің негізінде бірнеше маңызды фактор жатыр. Біріншіден, халықаралық тәжірибесі мол мамандардың қатысуы. Екіншіден, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін медициналық жабдықтардың пайдаланылуы. Үшіншіден, емдеудің заманауи әдістерін тұрақты түрде енгізу. Мұның барлығы медицинадағы басты қағиданы – қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз етуге бағытталған.

Брифингте сөз алған түркиялық офтальмохирург дәрігер Эрол Джошкун медицинада уақыт факторының шешуші рөл атқа­ратынын атап өтті. Оның айтуынша, көптеген көз ауруын дер кезінде анықтап, уақтылы операция жасаған жағдайда адам­ның көру қабілетін сақтап қалуға толық мүмкіндік бар.

Бұл – білікті дәрігердің кәсіби пікірі ғана емес, мыңдаған пациент­тің тағдырына әсер ететін маңызды тұжырым. Өңір үшін тағы бір маңызды жаңалық – бұрын тек ірі республикалық орта­­лықтарда жасалатын күрделі операциялардың бүгінде Маң­­ғыстауда орындалуы. Бұл тұрғындардың уақытын, қаржы­­сын үнемдеумен қатар, медициналық көмектің қолжетімділігін арт­тырады.

Медицинадағы бәсекелестік бүгінде емдеу мекемелерінің саны арқылы емес, көрсетілетін қызметтің сапасы арқылы баға­­ланады. Науқастың сенімі де дәл осы сапамен өлшенеді. Маң­­ғыстауда қолға алынған жаңа бастамалар бір ғана клини­ка­ның жетістігі емес. Бұл – өңір медицинасының жаңа деңгейге көтерілуінің белгісі. Қазіргі заманғы медицинада басты байлық ғимарат, технология да емес. Ең басты құндылық – адамның ден­саулығы. Сол денсаулықты сақтау жолында әлемдік тә­жіри­бе мен отандық мүмкіндіктің бір арнада тоғысуы қоғам­да­ғы ең үлкен жетістіктердің бірегейі.

Маңғыстау облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью