Өңірде энергия тапшылығы болмайды

27.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға сапары барысында өткен облыс жұртшылығымен кездесуде 70 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген Кентау жылу энергия орталығын жаң­ғыр­туға қомақты қаржы бөлін­генін атап өтті. «Сон­дай-ақ тағы бір маңыз­ды мәселе – облыста салы­­­нып жатқан бу-газ қондыр­ғысы­ның құрылысын тездету керек. Жұмыс созылып кетті. Үкіметке және «Самұрық-Қазынаға» осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырамын», деді Президент. Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жоба Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сайрам ауданында Олжас Бектенов пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров еліміздегі ең ірі газ электр стансасының құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен таныс­ты. Жоба жалпы қуаты 1000 МВт болатын 4 газ турбинасы, 4 кәдеге жарату қазандығы және 2 бу турбинасын қамтиды. Қолданылып отырған бу-газ қондырғысы технологиясы пайдаланылған газ жылуын іске асырып, қосымша электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді және заманауи жылу энергетикасындағы ең тиімді әрі экологиялық таза технологиялардың бірі саналады. Стансаның артықшылығы – оның жоғары маневрлі қабілетінде және желіде тапшылық туындаған жағдайда жетіспейтін қуатты жедел түрде толықтыру мүмкіндігінде. Премьер-министрге жобаның қазіргі жағдайы туралы баяндалды. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымы «Түркістан БГҚ» ЖШС басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов нысанды 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Бүгінде негізгі нысандардың, оның ішінде бас ғимарат пен тарату құрылғыларының іргетастары дайын. Бас ғимараттағы жобада көр­сетілген орындарға генераторлары бар төрт газ турбинасы (Siemens Energy) орнатылған.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында жаңа қуат көздерін іске қосу бүгінгідей энергия­ны көп қажет ететін экономиканы дамытудағы тиісті шарт екенін атап өтті. Тіршілікке қажетті жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, орнықты энергетикалық базаны қалыптастыру – Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі. Түркістан облысының қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз, өңірдің өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында әлеуеті жоғары. БГҚ жобасын жүзеге асыру оңтүстік өңірге қосымша қуат резервін құруға, энергия жүйесінің тұрақтылығын нығай­туға мүмкіндік береді. Салы­нып жатқан станса өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы­ның маңызды элементіне айналып, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға негіз болады», деді О.Бектенов.

Жобаның бас мердігері – отандық және оңтүстіккореялық компаниялардан құрылған консорциум. Құрылыс алаңына мың­нан астам адам мен 150 бір­лік мамандандырылған техника жұмылдырылған. Тігінен құрас­тырылатын құрылыс нысандары салынып жатыр: ғимараттар­дың қаңқалары монтаждалып, металл конструкциялар орнатылуда, қабырғалар қапталып, басқа да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Электр стансасының негізгі технология­лық жабдықтары толық көлемде жеткізілген. Жоба іске қосылған соң, 600-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Қазір Түркістан облысы бойынша электр энергиясын тұтынудың орташа көлемі 445 МВт-ты құрайды, ал ішкі генерация көлемі 136,5 МВт деңгейінде. Стансаны іске қосу өңірдегі қуат тапшылығын толы­ғымен жабуға, ең жоғары жүкте­мелер кезеңінде энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігінің дерегіне сәйкес елімізде  өткен жылы 123,1 млрд кВт·сағ электр энергиясы өндірілді (2024 жылы – 117,9 млрд кВт·сағ). «Текелі энергокешені» ЖШС-да үш газ турбиналық қон­дырғының құрылысын аяқтау және «Топар басты энергия тарату стансасы» ЖШС-да ескірген турбоагрегатты ауыстыру қосымша 166 МВт қуат өндіруге мүмкіндік берді. Биыл жаңа генерацияны іске қосу арқылы 1980 МВт электр энергиясын қамтамасыз ету және алмастыру аясында 683 МВт қуат енгізу жоспарланып отыр.

Премьер-министр Энергетика министрлігіне «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен бірлесіп, бар­лық төрт газ турбинасын іске қосу мерзімдерін сақтай отырып, эколо­гиялық талаптарды орындауды және желілік инфрақұрылыммен үйлес­тіруді қамтамасыз ете отырып, бу-газ электр стансасын салу жобасын уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысып, Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту мен абаттандыру жұмысына атсалысты. Жергілікті тұрғындар мен еріктілер бұлақ көзін аршып, айналасын ретке келтіріп, ағаш көшеттерін екті.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірде 1,5 мыңға жуық бұлақ көзін тазарту жоспарланып отырғанын жеткізді. Биыл 23 наурызда басталған «Мөлдір бұлақ» акциясының алғашқы кезеңі алты өңірді қамтиды. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында орналасқан 29 бұлақтың көзі ашылып, айналасы абаттандырылып жатыр. Келесі кезеңде бұл жұмыс басқа өңір­лерде жалғасады. Бұлақтарды таза­лау, іргелес аумақтарды реттеу, та­би­ғатты аялау мәдениетін наси­хат­тау шаралары жүйелі түрде жүргізіледі.

«Мемлекет басшысының таби­ғатқа ұқыпты қарау жөніндегі бастамасы азаматтардың қолдауы арқасында Конституция деңгейінде тиісті құқықтық тұрғыда бекітілді. Мемлекеттің міндеті – адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қор­ша­ған ортаны қалыптастыру. «Таза Қазақстан» бастамасы қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіре отырып, жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Бұл – нәтижелі, жасампаз патриотизмнің айқын үлгісі. Бүгінгі таңда акция сенбіліктермен, ағаш егумен ғана шектелмейді. «Мөлдір бұлақ» бастамасы табиғи бұлақтар мен су айдындарын қамти отырып, аясын кеңейтуде, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесінің маңызын жалпы қоғамдық деңгейде көтеріп отыр», деп атап өтті О.Бектенов.

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Қоғам • Бүгін, 08:45

Технология мен ғылымды тоғыстырған

Ғылым • Бүгін, 08:43

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Ғылым • Бүгін, 08:40

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38

Жазата жеткізген жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Берекенің бесігі

Көрме • Бүгін, 08:33

«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Актер шындығы қайда жоғалды?

Өнер • Бүгін, 08:28

Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Тұлға • Бүгін, 08:23

Тасқынға тастүйін дайындық

Су тасқыны • Бүгін, 08:20

Тағдырын таныған таланттар

Әдебиет • Бүгін, 08:18

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью