Өңірдің өндірістік әлеуетімен танысты

14.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикалық модельге көшу міндетін іске асыру үшін энергетикалық, инженерлік және көлік-логис­тикалық инфра­құрылымды кешенді түрде дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл – Үкімет жұмысындағы бас­ты бағыттардың бірі. Жұмыс сапары еліміздегі химия өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі – «Қазфосфат» ЖШС-дан басталды. Кәсіпорын биыл қаңтар-сәуір айларында 64,2 млрд теңгенің 246,1 мың тонна өнімін өндірген. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың айтуынша, «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштармен отандық агроөнеркәсіп кешенін қамтамасыз етіп қана қоймайды. Ресей, Беларусь, Түрікменстан, Литва, Латвия, Польша және басқа да елдердің нарығына экспорттайды.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Сарысу ауданындағы Qazaq Soda кальцийлендірілген сода зауытының құрылысы мысалында өнеркәсіп сала­сындағы инвестициялық ынтымақ­тастықтың жаңа бағыттарымен де танысты. Жобаның бірінші кезеңінде зауыттың өндірістік қуаты жылына 500 мың тоннаға жетсе, кейін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Құрылыс кезінде 1 500 уақытша жұмыс орны ашылып, іске қосылғаннан кейін 375 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Зауыт еліміздің кальцийлендірілген содаға деген ішкі сұранысын толық қамтамасыз етеді.

Бірінші кезеңді биыл төр­тінші тоқсанда аяқтау жос­парланған. «Yildirim Holding» компаниясының атқарушы директоры Исмаил Джейлан мемлекеттік қолдау аясында өндірістік алаңға газ және электрмен жабдықтау желілері, теміржол тармағы мен су жүйесі тартылып жатқанын жеткізді. Жұмыс сапары Сарысу ауданындағы жалпы құны 500 млрд теңгені құрайтын, еліміздің химия саласындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі жүзеге асырылып жатқан «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС-да жалғасты. Мұнда алғашқы кезеңде жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіру жолға қойылған. Екінші кезеңде жылына 1 млн тоннаға дейін минералды тыңайтқыш шығаратын өндірісті іске қосу көзделген. Осы жоба 2027 жылдың бірінші тоқсанына қарай аяқталмақ. Кәсіпорын толық өндірістік қуатына шыққан кезде 1 200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал құрылыс кезеңінде мұнда 2 мыңға дейін адам еңбек етеді.

Сапар барысында мем­лекеттік қолдау мен инвестиция тарту нақты экономикалық нәтижеге ұласуға тиіс екені атап өтілді. Бұл – жаңа өндірістерді іске қосу, тұрақты жұмыс орындарын ашу, экспорттық әлеуетті кеңейту, елдің өнеркәсіптік негізін нығайтумен байланысты. Осы орайда жауапты мемлекеттік органдар мен Жамбыл облысының әкімдігіне инвестициялық жобаларды тұрақты сүйемелдеу, туындайтын мәселелерді жедел шешу тапсырылды. Осыдан соң Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй құрылысы, энергетика және көлік инфрақұрылымы салаларындағы  жобалардың орындалу барысын тексерді. Мысалы, Тараз қаласындағы «Балауса» жаңа шағын ауданында 145 тұрғын үй, 2 мектеп, 3 балабақша, онкологиялық диспансер, көпбейінді аурухана, лицей-интернат, неке сарайы, инновациялық шығармашылық орталық, дене шынықтыру-са­уықтыру кешенін салу көзделген. Жаңа шағын
аудан бірыңғай сәулеттік тұжырымдама не­гізінде салынып, заманауи тұрғын үй­лермен қатар, қажетті инженерлік инфра­құрылыммен толық қамтамасыз етіледі.

Жамбылдағы жылыту мау­сы­­мына дайындыққа ерекше назар ауда­рылды. Нұрлыбек Нәлібаев «ТаразЭнергоОрталық» АҚ-ның №4 жылу электр орталығындағы (ЖЭО-4) жөндеу, жабдықтарды, 1,4 шақырымдық М-3 магистралдық жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді. Сонымен қатар Абай даңғылының теміржол үстінен өтетін жол сосын жаяу жүргіншілер өткелі қарас­тырылған жаңа учаскесі құры­лысымен, Тараз теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұ­мыстарымен танысты. Барлық жоба белгіленген мерзімде әрі сапа талаптарына сай аяқталуға тиіс екенін атап өтті. Жауапты мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға энергетика нысандарын жылыту маусымына сапалы дайындауға, жылумен қамту жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым жобаларының құрылысын уақтылы аяқтауға ерекше назар аудару тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью