Өңірлерде бүгін боран, көктайғақ және тұман болуы мүмкін

06.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жұма күні Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Циклон: Ел аумағының басым бөлігін қамтиды.

Жауын-шашын: Көп өңірде жаңбыр мен қар жауады, оңтүстік-шығыста — қатты жауын-шашын күтіледі.

Қауіптер: Солтүстік және шығыс өңірлерде боран, көктайғақ және тұман болуы мүмкін.

Жел: Желдің екпіні айтарлықтай күшейеді.

6 наурызда түнде Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

Алматы қ.: 6 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Қонаев қ.: 6 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 6 наурызда түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кейде тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

6 наурызда Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. 

Талдықорған қ.: 6 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

6 наурызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 6 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

6 наурызда түнде Ақмола облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Астана қ.: 6 наурызда көктайғақ күтіледі.                                                                            

6 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 6 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

6 наурызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар қ.: 6 наурызда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

6 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды қ.: 6 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ.

6 наурызда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман.

Жезқазған қ.: 6 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

6 наурызда Шығыс Қазақстан облысының облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Өскемен қ.: 6 наурызда көктайғақ күтіледі.

6 наурызда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Семей қ.: 6 наурызда көктайғақ күтіледі.

6 наурызда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Ақтөбе қ.: 6 наурызда көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

6 наурызда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Қостанай қ.: 6 наурызда түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

6 наурызда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ.: 6 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.                                                                       

6 наурызда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың  тау асуларында 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 6 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 6 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 6 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қ.: 6 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі. 

6 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

6 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда қ: 6 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью