Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт намазын оқу кетесін жариялады.
Биыл Құрбан айт мейрамының алғашқы күні 27 мамырға дөп түсіп тұр.
Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесінде екі түрлі уақыт бар.
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды жәек Маңғыстау облыстарында Құрбан айт намазы таңғы сағат 6:30-да оқылады. Ал басқа аймақтарда бұл намаз жарты сағатқа ерте, яғни 6:00-де оқылады.
Мүфтият бұған дейін айт күндері "Құрбан айт – ұлық мереке" тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылатынын хабарлады. Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылып, мәдени-рухани кештер өткізіледі.