Өңірлерде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі

18.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C.
Алматыда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 3-8, екпіні 11 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +34...+36°C.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:

Астана қ.: 18 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. 

Алматы қ.: 18 тамызда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. 

Шымкент қ.: 18-20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

18-19 тамызда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.                                                                                     

18 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың  батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

18 тамызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

18 тамызда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

18 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 18 тамызда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. 

18 тамызда Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

18 тамызда Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. 18-20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады

18 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

18 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың cолтүстігінде, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

18 тамызда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.   

18 тамызда Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.     

18 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

18 тамызда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні                    15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

18 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Батыстан,  оңтүстік-батыстан, жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады  

18 тамызда Ұлытау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

18 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде  жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталағында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

18 тамызда Абай облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью