Өңірлердегі базарларда делдалдардың қызметіне шектеу қойылмақ

17.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі назар бағаның негізсіз өсуіне әсер ететін факторларды жоюға және ашық тауар өткізу тізбектерін қалыптастыруға бағытталған.
16 сәуір күні ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев Түркістан қаласында Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының базар иелері және сауда нысандары әкімшіліктерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Ішкі сауда қағидаларын жетілдіру аясында заңнамалық деңгейде бөлшек сауда жүзеге асырушылар мен көтерме жеткізушілердің аражігі ажыратылды. Осылайша сатып алу-сату үдерісіне қатысушылардың құрамы жүйеленіп, қосылған құн қалыптастырмайтын, бірақ жеткізу тізбегіндегі соңғы бағаға әсер ететін өнімсіз делдалдардың қатысуы шектелді.

Осыған дейін Үкімет басшысы ірі көтерме базарлардағы заңсыз әрекеттер туралы айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью