Өңірлердің басым бағыттары айқындалды

22.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ұлттық құрылтайдың биылғы жиыны әрқайсымыз үшін, әсіресе өңірлер үшін маңызды бағыттарды айқындады. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі еліміздің институционалдық кемелдену кезеңіне өткенін айқын көрсетті.

Сурет: shakarim.university

Бұл – жекелеген бастамалар жиынтығы емес, мем­ле­кеттің алдағы дамуын айқын­дайтын тұтас логика: инс­титуттардың сапасы, жауап­кер­­­шілік пен тұрақтылық. Елі­­­міздің орнықтылығы орта­лықта ғана емес, ең алдымен өңір­лерде қалыптасады. Таби­ғи ресурстарды басқару, су қауіпсіздігі, инфрақұрылым, әлеуметтік сала мен адам капиталы мәселелері дәл осы жерде тоғысады. Реформалардың шынайы тиімділігі де ең алдымен өңірлерде сыналады.

Президент су ресурстары, экология, энергетика, ауыл шаруашылығы мен инфра­­­­құрылым мәселелеріне ерек­­ше назар аударды. Бұл бағыттар бүгінде салалық шең­берден шығып, ұлттық қауіп­сіздік пен азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін факторларға айналды. Оларды тиімді шешу жергілікті деңгейде кәсіби кадрлар, сапалы деректер және ғылыми сараптама болған жағдайда ғана мүмкін болады. Осы тұрғыда өңірлік университеттердің рөлі түбегейлі артады.

Қазіргі университет – қызмет көрсетуші құрылым емес, аумақтың зияткерлік орталығы. Ол қолданбалы шешімдер көзіне, нақты экономикаға қажетті кадрларды даярлайтын және жауапты азаматтық сананы қалыптастыратын институтқа айналуға тиіс. Ғылым өңірдің нақты міндеттерін шешуге бағыт­талып, білім даму үде­ріс­терімен тікелей байланыста болуы керек.

Президент атап өткен инс­титуционалдық бастамалар – Конституциялық комиссия құру, саяси жүйені жаңғырту – біртұтас басқару архитектурасын қалыптастыруға бағытталған. Мұнда құқық, жауапкершілік пен тиімділік мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттарына айналады.

Алдымыздағы міндет – мемлекеттік басымдықтарды, өңірлік сын-қатерлерді, ғы­лым мен білімді бір жүйеге біріктіре отырып, тұрақты ше­шімдер қалыптастыру, ел болашағына қажетті кадр­ларды даярлау. Келесі кезеңде – жарияланған стратегиялық бағыттарды жауап­кершілікпен іске асырып, яғни олардың заң­дарда, институттарда, университеттерде, сондай-ақ еліміздің әрбір өңірінде нақты нәтижелер арқылы көрінуі керек.

Думан ОРЫНБЕКОВ,

Шәкәрім университетінің ректоры 

Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Digital • Бүгін, 10:13

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью