7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстанда 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында өңірлік экологиялық саммит өтеді. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте ұйымдастырылады.
Саммитті өткізу бастамасын Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы барысында ұсынған.
Экология вице-министрі Мансұр Ошурбаевнің айтуынша, жиын қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері экология және тұрақты даму бағытында бірлескен декларация қабылдауы мүмкін.
Сондай-ақ БҰҰ агенттіктерімен бірге өңірлік іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда саммитке 2800-ден астам адам тіркелген, оның ішінде мыңнан астамы – шетелдік қатысушылар. 90-нан астам жоғары деңгейдегі қонақтың қатысуы күтілуде.