Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
— Бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында көтерген еді. Жиында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі бірлескен декларациясы қабылданады деп күтіліп отыр Сондай-ақ өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында меморандумдарға қол қойылмақ. Одан бөлек, саммит аясында халықаралық жасыл және тұрақты технологиялар көрмесі де ұйымдастырылады, — деді Қайрат Мәсенов.
Саммит тек талқылау алаңы емес, нақты шешімдер ұсынылатын практикалық форматқа бағытталып отыр, яғни, теориялық тұжырымдамалардан гөрі іске асырылатын жобалар мен технологияларға басымдық беріледі.
Фото: Видеодан скрин— Оған мемлекет, бизнес, ғылыми қауымдастық өкілдері қатысады. Саммит Орталық Азия өңіріндегі тұрақты дамудың бірегей экологиялық жүйесіне айналады десек болады, — деді бюро басшысы.
Күн тәртібіндегі негізгі бағыттардың бірі — су ресурстары мәселесі. Өңірдегі экологиялық ахуал бұл тақырыптың өзектілігін айқын көрсетеді.
— Орталық Азияның 20 пайызы, 80 млн га шөлейттенуге айналған, су тапшылығы қатты сезіліп отыр. Шараға Швейцариядан — су үнемдеу, Сингапурдан — жаңбыр суын пайдалану тәжірибесін бөлісу үшін халықаралық мамандар келеді. Оларда «ақылды суару» технологиялары жеткілікті, — деді спикер.
Сонымен қатар, саммит аясында инновациялық жобалар мен жастардың стартап бастамаларына да ерекше назар аударылады. Шараға 20 мыңға жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов онлайн сауданың дамуы экологияға зиян келтіріп жатқанын айтқан еді.