Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Жобаны әзірлеу мынадай қағидаттарға негізделеді:
қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;геральдикалық белгілерді сақтау;өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, табиғи, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескеру.Жобаны әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ діни, рулық және тайпалық белгілердің бейнелерін пайдалануға тыйым салынады.
Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескеріледі:
жоба бұрын пайдаланылмаған, жаңа жұмыс болуы және өзіндік ерекшелігі арқылы аумақтың болашақ даму бағытын айқындауы тиіс;жоба нақты бедері бар визуалды құрамдас бөлікті, көлемді бейнені немесе үлгіні қамтуы тиіс;жобада ресми атаулар, жазулар және басқа мәтіндер қазақ тілінде жазылады;жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықтар немесе сабақтас құқықтар бұзылуына, плагиатқа жол берілмейді.Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады. Егер жоба бірнеше жеке тұлғамен жасалған болса, олардың барлығы оның авторлары (қосалқы авторлары) болып есептеледі.
Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық-этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.
Жобаны әзірлеуге арналған конкурс мынадай кезеңдерді қамтиды:
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органының конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастыруы;конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді ұсыну;астана, облыс, республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органының жобаларды қағидалардың 6-тармағы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;астана, облыс, республикалық маңызы бар қала тұрғындары арасында жобалар бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу;жобаларды Сараптамалық кеңестің қарауы;жобаны мәслихаттың бекітуі.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында конкурс аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын орналастырылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және онда жобаның сипаттамасы көрсетіледі.
Жергілікті атқарушы органның өтінімдерді қарау мерзімі құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
Конкурсқа ұсынылған жобалар республиканың ұлттық құндылықтары мен дәстүрлері, мәдени, туристік, тарихи, географиялық, саяси және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері ескеріле отырып іріктеледі.
Егер жоба көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, атқарушы орган өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы уәжді шешім шығарады.
Өтініш берушіге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы алдын ала шешім қоса берілген хабарлама оған қол қойылғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Өтініш беруші өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Өтінімді қарау мерзімі аяқталған күннен бастап бір ай ішінде жергілікті атқарушы орган жобалар бойынша қоғамдық талқылаулар өткізеді.
Қоғамдық талқылау нәтижелері хаттамамен рәсімделеді.
Қоғамдық талқылау аяқталған күннен бастап ең көп дауыс жинаған жобалар Сараптамалық кеңестің отырысында 25 жұмыс күні ішінде қаралады.
Сараптамалық кеңестің қорытындысы хаттамамен рәсімделеді.
Оң қорытынды алған жобалар мәслихаттардың шешімімен 15 жұмыс күні ішінде бекітіледі.
Өңірлік символиканы мына жағдайларда пайдалануға рұқсат етіледі:
жергілікті деңгейдегі мәдени, бұқаралық, спорттық, білім беру, діни іс-шараларда;тауар белгілерінде, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жеке мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілерінің эмблемаларында (символикасында), киімдерінде (арнайы және спорттық киімдерде);мерейтойлық медальдарда және алғыс хаттарда, құттықтау және кәдесый бұйымдарында, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала құрметті азаматтарына берілетін марапаттарда.