Онлайн кредит алудың жаңа тәртібі бекітілді

20.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жүйе адамның «тірі» екенін анықтау үшін «басыңды бұр», «көзіңді жыпылықтат» деген сияқты бірнеше тапсырма береді. Егер тексеріс үш реттен өтпесе, кредит берілмейді. Тексеру кезінде алынған бейне мемлекеттік дерекқордағы немесе арнайы базаға енгізілген суретпен салыстырылады.

Осылайша бөтен адамның фотосын немесе видеосын пайдалану мүмкіндігі шектелмек.

Биометриялық тексерістің нәтижесі электронды түрде тіркеліп, банк немесе микроқаржы ұйымында сақталады.

Барлық мәлімет қауіпсіз жүйе арқылы өңделеді. Жаңа ережелер 10 күннің ішінде күшіне енеді.

Айта кетелік мерзімді әскери қызметтегі азаматтар енді кредит ала алмайды

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью