Онлайн саудада отандық тауардың бәсі биік

05.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ресми дерекке сүйенсек, электронды сауда саласы әлдеқашан тар сегмент аясынан шығып, экономиканың серпінді драйверіне айналды. Бүгінде бөлшек саудадағы әр алтыншы тауар онлайн сатып алынады. Кейінгі бес жылда электронды сауда нарығы жеті есе өскен. Былтырғы жылдың қорытындысы бо­йынша оның бөлшек айналымындағы үлесі 15%-ға жетеді деп күтіліп отыр. Ал 2029 жылға қарай 18,5%-ға дейін өсуге тиіс.

Коллаждарды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Көпшілік қазір дүкен аралап, уақы­тын кетіріп жүргеннен гөрі онлайн тапсырыс бере салғанды тәуір көреді. Зерттеулер электронды сауда көлемі жыл са­йын өсіп, бөлшек сауданың маңызды бөлігіне айналғанын көрсетіп отыр. Бұл үрдіс – ел экономикасының цифрлық трансформациясының нақты көрінісі.Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтің айтуынша, елдегі электронды сауда нарығы әлемдік көрсеткіштерден едәуір озып, екі таңбалы қарқынмен дамып келеді.

Бұл енді тар тауаша емес, логис­тикада, ІТ саласында, төлем жүйелерінде және сабақтас салаларда жұмыс орындарын құ­ра­тын, сондай-ақ отандық биз­нес­тің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын экономиканың жаңа секторы.

Былтырғы бірінші жартыжыл­дық­та бөлшек электронды сауда нарығы жаңа сапалық деңгейге көтерілді. «Price Waterhouse Coopers» (PwC) дерегінше, бұл ке­зеңде онлайн-сатып алу көлемі 1,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылғы сәйкес кезең­мен салыстырғанда 19%-ға өскен. Доллар тұрғысынан алғанда, нарық 3,4 млрд долларды құрады, ал бөлшек саудадағы e-commerce үлесі 17,1%-ға дейін өсіп, жаһандық қарқынға жа­қын­дай түсті.

PwC сарапшыларының айтуын­ша, бұл сандар тұтынушылық мінез-құлықтың терең өзгеріп жатқанын аңғартады.

«2025 жылдың алғашқы алты айы­ның басты өзгерісін мына формуламен сипаттауға болады: сатып алу жиілігі өскенмен, сомасы төмендеп келеді. Транзакциялар саны 90 млн-нан асса, орташа сома (чек) теңгемен – 6%-ға, доллармен – 18%-ға, яғни 19 мың теңгеге дейін қысқарды. Онлайн-сатып алу тұрақты сипат алып, күнделікті тұтыну тауарларына қарай ойысты. Тұтынушылар жиі тұтынатын өнімдерді онлайн тапсырыс беретін болды», дейді сарапшылар.

Сонымен қатар тұтыну­шы­­лық несиеге тәуелділік дең­гейі төмендеген. Несиелеу талап­тарының қатаюы мен құрыл­ғы­лар­ды IMEI-верификациялау секілді өзгерістер қымбат тауар­лар сегментіне – электроника мен жоғары бағалы өнімдердің онлайн сатылымын азайтқан. Осының нәтижесінде сұраныс көлемі шағын тапсырыстарға қарай ығыса бастады.

Ал маркетплейстер онлайн сауданың не­гізгі арнасына айналды. Барлық саты­лымның 92%-ы және тран­зак­ция­лар­дың 96%-ы осыған тиесілі. Енді тұтынушыға «қайдан сатып алу» емес, «қай жерде тез әрі ыңғайлы» деген өлшем маңызды.

«Логистика, кең ассортимент және экожүйелік сервис­тер платформалардың негізгі артық­­шылығына айналса, транс­шекаралық жеткізу қызметтері бәсекені күшейтіп, әсіресе бағаға сезімтал санаттарда нарық өсімін же­дел­детіп отыр. Нарықтағы мұн­­дай шоғырлану мар­кетплейс­тер­дің жаңа кезеңге – трафикті монетизациялау сатысына өтуіне жол ашты. Платформалар бір­тін­деп ме­диаплат­формаға айналып, Retail Media бағы­тында жарнамалық мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр. Соның нәти­же­сін­де бәсеке сатылым көлемі үшін ғана емес, жарнама бюджеттері мен платформалар ішіндегі таны­мал­дылық үшін де жүріп, маркетплейстер айналым, жарнама мен деректер бір ортаға жинақталған тұйық экожүйеге айнала бастады», дейді PwC сарапшылары.

E-commerce – жеке экожүйе емес, салық түсімдерінің де маңыз­­ды көзі. Зерттеулерге сәйкес маркетплейстер арасында Kaspi.kz ең ірі салық төлеуші болып отыр. Былтыр компания бюджетке 138 млрд тең­геден астам қаражат аудар­ған. Бұл бұрнағы жылдан 3,5% көп. Ал кейінгі орындарды елде ресми өкілдігі бар ресейлік платформалар – Wildberries (58 млрд теңгеге жуық) пен Ozon (15 млрд теңгеге жуық) алды.

Аталған платформалардың отандық өнімдерді экспорттауға қосқан үлесі де біршама. Ozon-ның ТМД елдеріндегі CEO-сы Наталья Боердің айтуынша, онлайн-сау­дада отандық тауарларға деген сұраныс тұрақты өсіп келеді. Былтыр ресейлік сатып алушылар отандық сатушылардан бұрнағы жылға қарағанда 1,5 есе көп тапсырыс берген.

«Отандық тауарлар платформада айқын көрінуі үшін Ozon.kz және Ozon.ru басты беттерінде «Қазақстандық тауарлар» атты арнайы бөлім құрдық. Бұл – жергілікті өндірушілерді ілгері­летуге арналған басым кеңістік. Бүгінде платформадағы әр жетін­ші сатушы Алматы мен Астанадан тыс шағын қалалар мен өңірлердің өкілі. Цифрлық инфрақұрылым бизнестің географиялық орнына қарамастан тең мүмкіндік беріп отыр», дейді Н.Боер.

Мемлекет электронды сау­даны дамыту мақсатында инфра­құрылымнан бас­тап тұтыну­шы­лар­дың құқығын қорғауға дейінгі жүйелі шараларды қабылдап жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов айтып берді.

«Трансшекаралық сауданы дамыту мақсатында Қытай – Орталық Азия – Еуропа дәлізін нығайта отырып, мультимодальді орталықтар құрылып жатыр. Ішкі сауда үшін фулфилмент орталықтар мен тапсырыс беру нүктелерін дамытып жатырмыз. Инвестициялардың, соның ішінде «Ozon» компаниясының белсенді қатысуының арқасында Алматы мен Астанада жаңа нысандар іске қосылды. Ел көлемінде олардың саны қазірдің өзінде оннан асты», деді Ә.Нүсіпов.

Биыл электронды сауда нары­ғын­да өсім сақталғанымен, оның қарқыны баяулап, нарықтағы шоғырлану күшеюі мүмкін. Сарапшылардың болжамынша, былтырғы 19% өсім нарықтың жетілген кезеңін көрсетсе, биыл ол 14–15% аралығында қалыптасады. Жиі әрі шағын тапсырыс жасау моделі орныққан жағдайда, орташа тапсырыс көлемі қысымда қала береді. Ал маркетплейстердің үлесі 93–94%-ға дейін ұлғаюы ықтимал.

«Мұндай жағдайда негізгі бәсе­келестік артықшылық логис­ти­каға ауысады. Хабтар мен фулфилмент орталықтарды дамыту, сондай-ақ жедел жеткізу қызметі, әсіресе Алматы мен Астанада тапсырыс берушінің адалдығын айқындайды», дейді PwC сарапшылары.

2030 жылға дейінгі сауда сая­саты тұжырымдамасына сәй­кес бөлшек сауда­ның жалпы көле­міндегі e-commerce үлесі бір­тін­деп ұлғайып, 20%-ға дейін және бұдан да жоғары көрсеткішке жетуі мүмкін. Қазіргі қарқын мен маркетплейстердің рөлін ескерсек, әсіресе экономиканы одан әрі цифр­­ландыру жағдайында бұл болжам шындыққа жанасады.

Соңғы жаңалықтар

Тотықұс асырағанның ұпайы түгел

Кәсіпкер • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Ертістің ен тоғайына түлкі оралды

Жануарлар • Бүгін, 08:15

Көгерген нан да қажетке жарайды

Таным • Бүгін, 08:10

«Алан туралы аңыз» көрерменге жол тартады

Кино • Бүгін, 08:05

Дәстүрлі аспаптар шеруі

Өнер • Бүгін, 08:00

«Ұзын» ақша, токенизация және бірыңғай нарық – KASE көзқарасы

Қаржы • Кеше

Ораз Жандосов: Либералданбаған нарықтар мен алтынды «айналау» инфляцияны кұшейтіп жібереді

Қаржы • Кеше

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол жабылды

Ауа райы • Кеше

Түркия билігі Араб елдеріне әуе рейстерін тоқтатты

Әлем • Кеше

Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті

Саясат • Кеше

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Шиеленіс аймақтарынан 946 отандасымыз шығарылды

Әлем • Кеше

Конституциялық реформа: Ел дамуының жаңа кезеңі

Ата заң • Кеше

Ақмола облысында газ баллондарын тексеру жұмыстары күшейді

Аймақтар • Кеше

Түркия өз әуесінде Ираннан ұшырылған зымыранды жойды

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью