Оңтүстік Корея Қазақстанға ЖИ шешімдерін енгізуге көмектеседі

02.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Оңтүстік Корея Қазақстанмен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, маман даярлауға қолдау көрсетпек, деп жазады Egemen.kz.

Фото: freepik

Сеул қаласында Кореяның ұлттық жасанды интеллект зерттеу орталығы мен еліміздің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылары тиісті меморандумға қол қойды. Аталған құжат екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, озық технологияларды енгізу мен кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған.

Айта кетейік, екі ұйым арасындағы әріптестік өткен жылы басталған. Сол кезде кореялық делегация Қазақстанға келіп, Астана қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру үдерістерімен танысты.

ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?

Ал қазақстандық делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары барысында оларға Ұлттық жасанды интеллект зерттеу орталығы мен Сеулдегі жасанды интеллект және «ақылды қала» орталығының жұмысы таныстырылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтің айтуынша, қол қойылған меморандум жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы өзара ықпалдастықты арттыруды көздейді. Оның ішінде тәжірибе алмасу, AI-шешімдерді енгізу және сала мамандарын даярлау мәселелері қамтылған.

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Сонымен бірге Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары қазірдің өзінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, 1414 бірыңғай байланыс орталығында AI-кеңесші жұмыс істейді. Қазіргі таңда ол әрбір бесінші қоңырауды дербес түрде өңдеуге қабілетті.

ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады

Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея Қазақстанға ЖИ шешімдерін енгізуге көмектеседі

Технология • Бүгін, 14:58

Тоқаев жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді

Білім • Бүгін, 14:38

Қазақстан Премьер-министрі ТМҰ елдері үкімет басшыларының кездесуіне қатысты

Үкімет • Бүгін, 14:28

Қытайдың Шыңжаң өңірінде 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Әлем • Бүгін, 14:17

Елордада тиімді бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

Елорда • Бүгін, 14:05

Полицейдің жағы сынған: Атырау облысында жанжал шығарған бір топ азамат сотталды

Заң • Бүгін, 13:32

Аутизмді ерте кезеңде қалай анықтаймыз?

Қоғам • Бүгін, 13:25

Жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін комбинат салынады

Экономика • Бүгін, 13:13

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды

Оқиға • Бүгін, 12:57

Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды

Оқиға • Бүгін, 12:41

Үш бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% жеңілдік енгізілді

Қоғам • Бүгін, 12:25

Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді

Оқиға • Бүгін, 12:15

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 110-орынға көтерілді

Футбол • Бүгін, 12:07

35 мың доллар көлеміндегі инвестиция: Павлодарлық оқушының TabAI жобасы Google грантын иеленді

Білім • Бүгін, 11:56

Ерболат Досаевтың «Самұрық-Қазынадағы» өкілеттілігі тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 11:49

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью