Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Оңтүстік Корея Украинадағы елшісін тұтқындарды беру туралы ақпараттың жария етілуіне байланысты туындаған жанжал аясында кері шақырды, деп хабарлады РИА Новости.
"Үкімет Украинадағы елшіні кері шақыру туралы шешім қабылдады", – делінген Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.
23 қыркүйекте Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Сеулге Солтүстік Кореяның екі азаматының берілгенін жария еткен.
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен Киев бұл ақпаратты жариялағаны үшін кешірім сұрамаса, Сеул "қосымша шаралар" қабылдайтынын мәлімдеді.