Оңтүстік Кореяда 22 гектар жерді өрт шарпыды

23.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Янъян қалашығының маңындағы орман өртке оранып, жүздеген тұрғын эвакуацияланды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 26 тікұшақ жұмылдырылды. 300-ден астам құтқарушы тартылды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 22 гектардан астам аумақты шарпыған. Мамандар өрттің нақты себептерін анықтап жатыр. Жергілікті билік орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью