Оңтүстік Кореяда неке саны жеті жылдық ең жоғары деңгейге жетті

20.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Статистика министрлігінің мәліметінше, өткен жылы барлығы 240 300 неке тіркелген, бұл – соңғы жеті жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Yonhap.

Ведомство өсімді 30 жастағы адамдар санының артуы және пандемия кезінде кейінге қалдырылған некелердің шоғырлануымен байланыстырды.

Бұдан басқа, бойдақ адамдар арасында некеге деген оң көзқарас артып келеді.

Ажырасу саны 2024 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға төмендеп, 2025 жылы 88 мыңға жетті.

Өткен жылы елде қиылған некенің жалпы санының ішінде мәдениетаралық неке 8,6 пайызды құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 0,7 пайыздық пунктке аз.

Шетелдік әйелдердің ішіндегі ең үлкен үлес – вьетнамдық әйелдер 30,5 пайыз, одан кейін қытайлық әйелдер – 16,1 пайыз және тайлық әйелдерде (12,5 пайыз). 

Ал шетелдік күйеулердің ішінде 28,2 пайызы АҚШ-тан, одан кейін Қытайдан (16,6 пайыз) және Вьетнамнан (14,8 пайыз) келген күйеулер құрады. 

Осыған дейін «эхо-бумерлер» Оңтүстік Кореяда туу көрсеткішінің рекордтық өсіміне ықпал еткенін жаздық

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью