Оңтүстік Кореядағы заңды жұмыс: келіссөз қашан аяқталады

21.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Оның айтуынша, бұл келіссөздердің ұзақ жүруіне Оңтүстік Корея басшылығының ауысуына қатысты болған процесс әсер еткен.

- Келіссөздердің (EPS жүйесіне енгізу) үш кезеңі бар. Біз бірінші кезеңінен өткен едік. Алайда Оңтүстік Корея президентінің ауысуына байланысты осы мәселе жарты жылға тұралап қалды. Жаңа президент қызметіне кіріскеннен кейін бұл елдегі еңбек министрлігі осы жұмыстарды жандандырды. Қазір екінші кезең аясында келіссөзді жалғастырып жатырмыз. Бұл ретте Алматы қаласында EPS орталығын ашу жоспарланған. Олар осы ғимараттарды қарап, белгіледі. Енді сол ғимаратта EPS орталығын ашуға әкімшілікпен тиісті жұмысты жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ақпараттың бәрін Кореяға жолдадық. Барлығы келісімнен өтсе, онда олар келіссөзді Премьер-министр деңгейіндегі үшінші кезеңге шығарады, - деді А.Ертаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда министр Оңтүстік Корея Қазақстанды EPS жүйесіне енгізу туралы түпкілікті шешім қабылдауға кірісетінін айтты. Бұл іс-шаралар жыл соңына дейін аяқталуы мүмкін.

- Олармен тұрақты байланыстамыз. Қазақстан Елшілігі ерекше мән беріп отыр. Бұл елде 10 мың Қазақстан азаматы заңсыз жүр, - деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, біраз жылдан бері Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтары заңсыз жүргені жайында айтылып келеді. Еңбек министрлігінің басшылығы Қазақстан азаматтарының заңды түрде жұмыс істеуіне қатысты іс-шаралар 2024 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін екенін айтқан еді. Одан бері бір жылдан астам уақыт өтті. 

Айта кетейік, EPS жүйесі (Employment Permit System) өз жұмысын 2004 жылдың 1 тамызында бастады және қазірге дейін бұл жүйе бойынша 20-ға жуық елдің азаматы Оңтүстік Кореяда жұмыс істей алады.

Бұл жүйедегі жұмыс қызмет көрсету, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және балық аулау салаларында ұсынылады. EPS жүйесі шетелдікке Оңтүстік Кореяда 3 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмысшылармен келісімшарт ұзартылуы мүмкін.

Бұл азаматтарға осы елде 4 жыл 10 айға дейін тұруға мүмкіндік береді. EPS жүйесіне қатысу үшін Корея жағы EPS дайындық орталықтарына баруды талап етеді. Бұл орталықтарда Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетіндер тілді үйрену курстарынан, көші-қоні және медициналық мәселелерге қатысты тестілеуден өтеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью