Оңтүстік Кореяның экс премьері бүлікке қатысқаны үшін сотталды | Qazaq24.com
Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
© REUTERS / Chung Sung-Jun Оңтүстік Кореяның бұрынғы премьер-министрі Хан Док Су бүлікке қатысқаны үшін 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сеулдің Орталық аудандық соты 21 қаңтарда осындай үкім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости, Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылғы 3 желтоқсанда елде әскери жағдай енгізуге көмектескен.
Хан Док Су сол кезде экс-президент Юн Сок Ёльге Мемлекеттік кеңес отырысын шақыруды ұсынған және министрлерді жедел жиналуға шақырған.
Сондай-ақ оған кейіннен жасалған жарлыққа қол қойып, оны жойғаны және оның мазмұнын білмегенін айтып жалған куәлік бергені тағылған.
Арнайы прокуратура бұрынғы премьердің әрекеттері рәсімге заңдылық сипат беруге бағытталғанын атап өтіп, оған 15 жыл сұраған еді.
Алайда сот 23 жылға үкім шығарды. Бұл – елде көтеріліске қатысу, ұйымдастыру немесе оған көмектесу бойынша қозғалған істердің алғашқысы.
Юн Сок Ёльге қатысты іс әлі қаралуда. Оған әскери жағдай енгізу кезінде әскер мен полицияны парламентті қоршауға жұмылдыру, депутаттардың да
Читать полностью
Читать новость